13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САУРАН: «СЫНЫП ЖЕТЕКШІ — ОҚУШЫНЫҢ СЕНІМДІ ҰСТАЗЫ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

28 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
САУРАН: «СЫНЫП ЖЕТЕКШІ — ОҚУШЫНЫҢ СЕНІМДІ ҰСТАЗЫ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Барлығымызға белгілі соңғы уақыттарда кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында әлімжеттілік, жәбірлеу, қыз балалар арасындағы төбелестер, жасөспірімдердің бір-біріне қатыгездігі жиі орын алып жатыр. Қоғамда осындай орын алып жатқан оқиғалардың алдын алу мақсатында Сауран ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі Алматы қаласы Бөбек оқу орталығымен бірлесіп, жоғары сынып жетекшілерімен оқу семинарын өтті.

Семинараға Алматы қаласы Бөбек оқу орталығының басшысы Азамат Серікұлы және Бөбек оқу орталығының менеджері Гүлнұр Берекеткызы онлайн қатысып, «Буллингтің алдын алу профилактикасы» бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Гүлнұр Берекеткызы буллингке ұшыраған баламен жұмыс жасау және буллер баланың іс әрекеттерін анықтау бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілеріне өз ұсыныстарын айтты.
Атап айтқанда:

– буллингтің әрбір түріне тоқталу, мысал келтіру, балалармен сұрақ жауап алу, олардың ойын білу;
— сыныпты ауызбіршілікке, бір-бірін бауыр етіп, жанашырлықпен қарауға үйрету;
— балаларға жылы сөз, қарым-қатынас жетіспейді, сол себепті балаларды саяхатқа шығару, қоғамдық жұмыстарға тарту;
— анонимді сұрақтарға жауап алу;
-буллингке ұшыраса әрдайым сынып жетекшісінің қорғайтындығын, сіздің тарапыңыздан қолдау болатындығына көздерін жеткізу;
-балаларды достастыру үшін топтық ойындарды жиі ұйымдастыру;
-сыныбыңыздағы балалардың барлығы және олардың Сіз үшін маңыздылығын сезіндіру;
— көп жағдайда тек буллинг құрбаны болған балаға назар аударылады. Осы тұста буллинг жасаған оқушылармен де сөйлескен өте маңызды. Сонымен қатар Х.А.Яссауи мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Эрниязов Жумадулла «Бала тәрбиелеудің стилдері немесе өз балаңа үлгі болу қағидаттары» тақырыбында, Т.Айтжанов мектебінің сынып жетекшісі Гүлнұр Бақытжанқызы «Бала тәрбиесіндегі отбасы мен мектептің қарым- қатынасы» тақырыбында, білім бөлімінің бас маманы Адилбеков Мейржан тәрбие саласындағы атқарылған жұмыстар және алдағы атқарылатын іс-шаралар туралы баяндама жасады.

Семинар соңында сынып жетекшілер булингтің алдын алу жолдары туралы, ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста болу керектігін, елде болып жатқан жағдайларды талқылап, өз ойларын, ұсыныс- пікірлерін білдіріп, іс- тәжірибелерімен бөлісті. Бұл ұсыныстары мен сұрақтары назарға алынып, бөлімнің алдағы жұмыс жоспарына енгізілетін болады,деді сала жауаптылары.

Previous Post

ТҮЛКІБАС: "Үздік оқырман - 2023" аудандық байқауының жеңімпаздары марапатталды

Next Post

Келесте білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізілді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі