2023 жылдың 27 сәуір күні Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту баскармасының «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Тіл достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы» атты облыстық пікірсайыс турнирі өтті.
Турнирдің мақсаты: Өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыру; оқушылардың бойында жауапкершілік, туған өлке мен елдің мәселелерін талқылауға және шешуге қатыстылық сезімін тәрбиелеу; республикадағы пікірсайыс қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау.
Турнирдің міндеттері: Демократиялық қоғамда оқушылардың өмірлік іс-әрекетінің азаматтық ұстанымы мен дағдыларын қалыптастыру, патриотизм сезімін тәрбиелеу;
білім алушылардың жалпы мәдени ой-өрісін кеңейту, академиялық білім деңгейін арттыру, оқушылардың шешендік шеберлігі мен сенім дағдыларын қалыптастыру;
білім алушылардың зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін, зерттеу, ұйымдастыру дағдыларын, коммуникативтік біліктіліктерін дамыту;
білім алушылардың позитивті, сыни ойлауын, жүйелі талдау, өз ұстанымын білдіру дағдыларын, құрылымды диалог пен пікірталас жүргізудің парламенттік мәдениетін, дәлелдеу өнерін қалыптастыру.
Турнирге жалпы 15 команда қатысты. Ауданымыздан қатысқан №101 жалпы орта мектеп командасы Облыс оқушылары арасында «Тіл достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы» атты пікірсайыс турнирінде ІІ орын иеленді! Айта кетсек, мұндай турнирдің басты мақсаты қоғамда орын алған проблемаларды жариялы талқылау және талдау арқылы білім алушылардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру; қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, мектепте пікірталас қозғалысын насихаттау және қолдау.
Республикада 6 мың пікірсайыс клубы бар, онда 100 мыңнан астам оқушы құқықтық мәдениетті, азаматтық белсенділікті, жауапкершілікті, шығармашыл және сыни ойлау қабілетін, өз ұстанымын дәлелді түрде қорғауды, қарсыластың пікіріне құрметпен қарауды, командада жұмыс істеуді үйренеді.