Түлкібас ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты білім беру ұйымдары педагогтерінің шығармашылық және кәсіби дамуын жетілдіру, озық педагогикалық тәжірибелерімен бөлісу, кәсіби біліктілігі жоғары мұғалімдерді анықтау және іс-тәжірибесін тарату мақсатында 2023 жылдың 27 сәуір күні сынып жетекшілер, тәлімгерлер мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының «Тәрбие ісінің үздіктері» байқауы өтілді.
Байқау ережесі бойынша қатысушылар тәрбие жұмысындағы шығармашылық ізденісі, жаңалығы, ата-аналармен өткізілген жаңа форматтағы кездесулер, олардың тиімділігі, қол жеткізген нәтижелері, жыл бойы өткізген іс-шараларынан бір автордың өзіндік үлесі айқындалған үлгілік әзірлемесі бойынша бейнетүсірілім дайындады.
Тәуелсіз еліміздің тірегі- білімді ұрпақ десек, ал жаңа дәуірдегі өзекті мәселе білім беру мен ғылымды дамыту. Осы орай да мектепті білім ордасы десек ,сол білім ордасындаңы ұстаз қандай болу керек деген сұрақ туындайды. Менің ойымша жаңашыл мұғалім кез-келген ауыртпалықты өзіне қабылдай отырып, тәуекелге баруға дайын болуы керек. Ол тек ұстаз болып шектеліп қалмауы керек әрқашанда әмбебап болуы қажет . Оқушыға білім мен тәрбиені қатар бере отырып дос бола да білу керек.
«Үздік педагогикалық идеялар» тақырыбында ата-аналармен әлеуметтік серіктестік құру, тәрбие мәселесінің озық педагогикалық идеялары мен педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған озық іс-тәжірбиелерін әдістемелік нұсқаулық, құрал және жадынама түрінде ұсынып, презентация қорғап, көрсетті.
Қазылар алқасының шешімімен жүлдегерлер марапатқа ұсынылып, жеңімпаз атанған шығармашыл ұстаздар облыстық кезеңге жолдама алды.
Жүлделі орынға ие болған мамандарға ізгі, толерантты ахуал туғыза білетін кәсіби деңгейі жоғары, шығармашылық шабыт пен облыстық кезеңде сәттілік тілейміз.