«Ел болуға өзінің тілі, діні, салты мен әдебиеті-мәдениеті бар ел ғана тұғырлы бола алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз» -деген Ахмет Байтұрсынұлы. Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірін тұжырымды түрде еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға өзгенің пікірін тыңдап, бірін-бірі құрметтеп, өз тілінде құлаштай еркін сөйлейтін саналы ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі ел еншісі болып отыр. Сол саналы ұрпақтың жарқын болашағын жасампаз ету үшін біз білімді азаматтардың ең негізгі парасаттарын міндеттеуіміз қажет.
Кентау қаласында Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының «Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы КММ ұйымдастыруымен «ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ»байқауының облыстық кезеңі өтті. Аталған сайысқа » Әнші бұлбұлдар» бағыты бойынша Созақ аудандық кезеңнің жеңімпазы атанған 7 сынып оқушысы Абайқызы Баян (жетекшісі Б.Мұсабеков) қатысып жүлделі 3 орын иеленді.
«Жарқын болашақ» олимпиадасына оқыту тіліне қарамастан, мемлекеттік және мемлекеттік емес жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың арасында еліміздің барлық облыстарынан келген 7-11 сынып оқушылары жыл сайын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 5 бағыт бойынша («Тілші-әдебиетшілер», «Жас ғалымдар», «Жазушылар», «Сөз шеберлері», «Әнші-бұлбұлдар») білімін сарапқа салады. Олимпиаданың негізгі концепциясынан қазақ тілін бес бағытта дамытуға арналғанын байқауға болады. Олимпиаданың «Жарқын болашақ» деп аталуында да символикалық мән бар. Олимпиадағы қатысушы оқушылар — болашақ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, осы саланың жілігін шағып, майын ішкен ғалымы, қазақ жазушылары мен журналистері, күміс көмей әншілері мен тілі мен танымы түйіскен актерлері. «Қазақ тілінің болашағы жарқын» деген сенім — ең құнды капитал.