13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІК НҰРЫМЖАН ШОЙБЕКОВ «БИЗНЕС БАСТАУ» ЖОБАСЫМЕН ЕРЕКШЕ КӘСІПТІ ЖҮРГІЗІП ОТЫР

28 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТТІК НҰРЫМЖАН ШОЙБЕКОВ «БИЗНЕС БАСТАУ» ЖОБАСЫМЕН ЕРЕКШЕ КӘСІПТІ ЖҮРГІЗІП ОТЫР
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, жаңадан ісін бастап жатқан кәсіпкерлер баршылық. Жалпы елімізде азаматтарға грант беру бағдарламасы 2019 жылдан бастап қолданысқа енгізілген болатын. Бағдарлама аясында ерекше жобаны қолға алған авторларының бірі – Нұрымжан Шойбеков. Ол – ағаштан жасалатын арболит блоктарын өндіруді Қазақстанға алғашқы болып алып келген кәсіпкер. Бұрын құқық саласында еңбек еткен Н.Шойбеков «Елдің өнеркәсібіне үлес қосуды әу бастан қалап жүрдім» дейді.

–Мен өндіріспен айналысуды жастайымнан армандадым. Бірақ сол қаржы жетіспеушілігі қолбайлау болатын. Сол уақытта түрлі кәсіпкерлемен әңгімелесіп, осы арболит блоктары жайында естідім. Кейіннен соның жасалу жолына қызығушылық таныта бастадым. Бұл өнім ХХ ғасырдың отызыншы жылдары Еуропада шығарыла бастаған екен. Ал Кеңес Одағы дәуірінде алпысыншы жылдары танымал болған. Сол уақыттарда монша салуға көп қолданған. Біздің елге 2015 жылдардан бастап келді. Содан бастап мен өзім құжаттарын дайындап, сертификатын алып, осы өнімді өндіріп көруге кірістім. Бизнес-жобам арқылы қайтарымсыз грантты жеңіп алдым. Тұтынушылар солтүстіктен, орталық Қазақстаннан тапсырыс беріп жатыр, – дейді кәсіпкер.

Оның айтуынша, арболиттің ерекшелігі одан салынған ғимарат қыста суықтан, жазда ыстықтан жақсы қорғалады. Құрамы ағаш пен цементтің қосындысы болғандықтан салмағы да жеңіл. Бұл құрылыс жұмысын едәуір жеңілдетеді. Қаржысы жағынан да үй салушыға тиімді. Себебі, арболиттен салынған үйді қосымша жылытқышпен қаптап әуре болмайсыз. Қабырғаға шеге қағуда қиындық тудырмайды. Экологиялық таза өнім болғандықтан адам денсаулығына зияны жоқ, керісінше пайдалы екен.

Previous Post

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА АПТА САЙЫН 5 ОРЫНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

Next Post

ТӨЛЕБИ: «БАЛБҰЛАҚ» БӨБЕКЖАЙ-БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ПЕДАГОГТАРЫ ТӘЖІРИБЕСІМЕН БӨЛІСТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі