13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА АПТА САЙЫН 5 ОРЫНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

28 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА АПТА САЙЫН 5 ОРЫНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы Қаратау ауданында әлеуметтік маңызға ие азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Атап айтқанда, аудан аумағында апта сайын тұрақты түрде 5 орында жәрмеңкелер ұйымдастырылуда.

Бұл туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнап өткізілген баспасөз турында Қаратау ауданының әкімі Рахымберді Мүлкеманов мәлімдеді.

Журналистер, ең алдымен, Қаратау ауданы Тұран шағын ауданындағы азық-түлік жәрмеңкесінде болды. Мұнда ұн, жұмыртқа, ет, шұжық, сүт өнімдері мен күнбағыс майы секілді ең қажетті өнімдер нарықтан 15 пайызға арзан бағамен сатылып жатыр. Тұрғындар үйіне жақын жерде өтетін әрі бағасы да қолжетімді болғандықтан жәрмеңкеге жиі келетінін айтады.

Мұнан кейін аудандағы инфрақұрылым желілерінің құрылысымен таныстырды. Атап айтқанда, аудандағы балалар ойын алаңшалары мен спорт алаңдарының құрылысын көріп шықты.
–Қаратау ауданының аумағында бүгінде 494 көпқабатты үй бар. Олар 155 аулаға біріктірілген. Қолданыста 128 ойын алаңшасы мен 70 спорт алаңшасы бар. Өткен 2022 жылы ауданымызда 41 аула абаттандырылып, 10 спорт алаңшасы салынды. Бұл жұмыс биыл да жалғасып жатыр. Биылғы жылы 34 ауланы абаттандырып, онда 7 спорт алаңшасы салуға 1 миллиард 460 миллион теңге бөлінді, — деді Р.Мүлкеманов.

Қаратау ауданында басқа да бағыттар бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мәселен, биыл жалпы ұзындығы 50 шақырымды құрайтын 70 көше орташа жөндеуден өтіп, асфальт төселсе, жалпы ұзындығы 33 шақырымды құрайтын 41 ішкі орамдық көшелерге шағал тас төселеді.
Қаратау ауданында 5 жәрмеңке алаңы бар. Ашық аспан астындағы жәрмеңке Нұртас, Нұрсәт, Тұран 1, Тұран 2 шағын аудандарында орналасқан. Саудагерлер мұнда сауда жасау үшін арнайы тіркеліп, тексерістен өткізіледі. Сонымен қатар, санитарлық талапқа сай келген өнім түрі ғана сатылымға шығарылады.

Previous Post

ТӨЛЕБИ: МҰҒАЛІМДЕРГЕ ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Next Post

ШЫМКЕНТТІК НҰРЫМЖАН ШОЙБЕКОВ «БИЗНЕС БАСТАУ» ЖОБАСЫМЕН ЕРЕКШЕ КӘСІПТІ ЖҮРГІЗІП ОТЫР

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі