Қазіргі таңда білім мен ғылым саласына қойылар талап жоғарылап, мұғалімдерге жүктелер жауапкершілік те еселене түсуде. Бүгінгі ұстаздар қауымы шәкірттерге тек білім беріп қана қоймай, оларды өз мемлекеті дегенде өзегін жұлып беретін патриот етіп тәрбиелеуі тиіс.
Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Нұргүл Лесбекова «Zoom» платформасында ауданымыздағы мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерін 9, 11-сыныптардың қорытынды бітіру емтихандарын өткізу бойынша нұсқаулықпен таныстырды. Сонымен қатар оқушыларды қорытынды аттестаттауға дайындауда, білім алушылардың оқу сауаттылығын арттыруда мәтін мазмұнын түсініп, ой жүгіртуге, мәтін мазмұнын көздегеніне жету үшін пайдалана білуге, қоғам өмірінде белсенділік таныту мақсатында білімін қолдануға ықпал ету бойынша мұғалімдерге бағыт-бағдар көрсетілді. Сонымен қатар, мұғалімдердің сабақтарын зерделеу барысында сабақ мақсаттары мен күтілетін нәтижеге жету жолдары, қолданылған әдіс-тәсілдердің тиімділігі, барлық білім алушылардың оқу, бағалау процесіне тартылауына көңіл бөлінді. Жұмыс нәтижесі бойынша әр әдіскер сабақтарға талдау жасап, мектеп әкімшілігіне, мұғалімдерге ұсыныстар берілді. Білім беру мекемесінің жұмысын бағалау өлшемшарт талаптарына сәйкес зерделеніліп, әдістемелік көмек көрсетілді.
Бұдан бөлек, онлайн режимде өткен әдістемелік сағатта — мұғалімдер ғылыми мақаланың, эссенің, әдістемелік құралдың құрылымы мен рәсімдеу ережелерімен танысты. Сондай-ақ, олар әдістемелік әзірлемелердің түрлерін ажырата білді, «құрастырушы», «құрастырушы-автор», «автор» ұғымдарымен танысты.
Айта кетейік, әдіскердің басты функцияларының бірі — мұғалімдерге олардың қызметінің әртүрлі бағыттары бойынша әдістемелік көмек көрсету болып табылады.




