13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САУРАН: «ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ КІТАП ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫҢ БОЙЫНА СІҢІРЕЙІК» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

27 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
САУРАН: «ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ КІТАП ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫҢ БОЙЫНА СІҢІРЕЙІК» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Сауран ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты А.Байтұрсынұлы мектебінде облыстық «Білім беруді дамыту орталығының» жоспары негізінде «Ұлттық -рухани құндылықтарды кітап оқыту арқылы өскелең ұрпақтың бойына сіңіру» тақырыбында аймақтық — тәжірибелік семинар өтті.Семинарға білім бөлімдеріне қарасты барлық мектептердің кітапхана меңгерушілері қатысты.
Жас ұрпаққа рухани тәлім-тәрбие беру заманымыздың өткір талабы. Білім беру жүйесінде тәрбие беру ұлттық және рухани негізде үйлестіре жүргізуді қажет етеді. Осыған орай адам тәрбиелеу – адамзаттың ең бірінші аса маңызды қоғамдық қызметі, азаматтық борышы.Ықылым заманда айтылған «Бала тәрбиесі – мемлекеттің маңызды міндеті» деген Платонның сөзі бар. Өйткені ұрпақ тағдыры дегеніміз – қай заманда да ұлт тағдыры.

Әрбір қоғамның дамуына байланысты бұл мәселе әрқалай шешілуде. Бүгінгі тәжірибемізде жастарға адамгершілік-рухани құндылықтардың даму жолдарын айқындап беру өзекті мәселе болып отыр.Еліміздің азаматтары қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті, оған қоса адамгершілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, шындық, адалдық, үлкендерді құрметтей білу сияқты асыл қасиеттер бала бойына кітап арқылы біртіндеп сіңеді. Баланы кітап оқуға көбірек баулу және пайдалы оқу үшін, ең басты балаларға кітапты сүюге көмектесу керек. Қазіргі балалардың көбінің қиялдары компьютерлік ойындарға ауып кетуіне қарамастан, кітапханашылар мен ата — аналарда, балаларға кітап әлемін сыйлау мүмкіндігі және құқығы қалады. Кітап оқуға үйрету үшін ең алдымен ата — анарға кеңес беру керек. Балаға бір жасынан — ақ кітап ұстатып үйреткен дұрыс. Яғни, ол сәби кезінен бастап кітапты көруге тиіс. Баланы кітапқа қызықтыру үшін суретті, санамақ кітаптардан бастау керек. Үнемі газет — журнал, кітап оқып отырған ата — ананы көрген бала да кітапқа қызығып өседі,- дейді мамандар.

«Білім беруді дамыту орталығының» әдіскері Темірбаева Ақмарал «Ұлттық құндылықтар-әрбір ұлттың болмысы» тақырыбында ақпараттық шолу жасап, кітап оқыту арқылы ұрпақтың санасын көтеруге мұғалімдер мен кітапхана қызметкерлерінің ықпалы жоғары екендігіне тоқталды.

А. Байтұрсынұлы жалпы орта мектебінің кітапхана меңгерушісі Жүсіпова Перизат «Ұлттық- рухани құндылықтарды кітап оқу арқылы жас ұрпақтың бойына сіңіру» жұмыстарына презентация арқылы түсіндірме жұмыстарын көрсете білсе, әдіскер Нұржакиева Жанна «Кітап оқитын адам» тақырыбындағы коучингте кітапханашылардың кері байланысын шебер көрсете білді.

Previous Post

САУРАН: "ТӘРБИЕ ІСІНІҢ ҮЗДІКТЕРІ" АТТЫ БАЙҚАУ ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ICILS -2023 халықаралық компьютерлік және ақпараттық-сауаттылықтың зерттеулері өтуде

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі