13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ICILS -2023 халықаралық компьютерлік және ақпараттық-сауаттылықтың зерттеулері өтуде

27 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ICILS -2023 халықаралық компьютерлік және ақпараттық-сауаттылықтың зерттеулері өтуде
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

ICILS -2023 халықаралық компьютерлік және ақпараттық-сауаттылықтың зерттеуіне №49 Қоңыртөбе жалпы орта білім беретін мектебінің 8 сыныптан 20 оқушысы, мектеп директоры және 17 мұғалім қатысып, олардың IT-құзыреттері зерттелді.

Бұл әлемдегі 8-сынып оқушыларының компьютерлік және ақпараттық сауаттылығы деңгейін бағалайтын алғашқы зерттеу. Зерттеудің мақсаты – оқушылардың IT-құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейін бағалау, осылайша мектептегі білім беру оқушыларының IT-құзыреттілігін қалыптастыруға қалай ықпал етеді және IT-дағдыларын дамытуға қандай факторлар әсер етеді деген сұрақтарға жауап беруге көмектеседі.

ICILS зерттеуі толығымен компьютерлік форматта жүргізіледі. Зерттеу шеңберінде оқушылардың компьютерді пайдалануды түсіну принциптерін, ақпарат жинау, ақпараттық өнім және сандық коммуникация құру деңгейі бағаланады. ICILS тапсырмалары бес тақырып аясында құрылған, олардың әрқайсысы академиялық, әлеуметтік немесе экологиялық контекстте әртүрлі аспектілерді қарастырады. Барлық тапсырмалар нақты өмірлік жағдайларға бағытталған.

ICILS-тің негізгі қатысушылары –8-сынып оқушыларының орташа жасы 13,5 жастан аспайтын кейбір елдерде мақсатты топ ретінде 9-сынып алынады. Қазақстанда көрсетілген жас санаты – 8-сынып оқушылары. Сонымен қатар, зерттеу шеңберінде мұғалімдер мен мектеп директорлары, сондай-ақ білім беру ұйымдарының АКТ үйлестірушілері арасында сауалнама жүргізілді.
Зерттеу қорытындысы бойынша компьютерлік және ақпараттық сауаттылықтың даму деңгейі туралы Ұлттық есеп жарияланатын болады.

ICILS нәтижелері елдерге сандық дағдыларды қалыптастыруға ықпал ететін немесе кедергі келтіретін негізгі факторларды анықтауда қажет болатын деректер жиынтығына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Халықаралық зерттеуге қатысқан оқушыларға арнайы сертификаттар табысталатын болады.
ICILS-2023 халықаралық зерттеуінің келесі цикліне қатысушыларға сәттілік тілей отырып, жоғары деңгейге көтерілетіндігімізге сенім білдіреміз.

Previous Post

САУРАН: "ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ КІТАП ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫҢ БОЙЫНА СІҢІРЕЙІК" АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

Next Post

Шымкентте Өзбекәлі Жәнібек атындағы орталық ашылды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі