Сауран ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Тәрбие ісінің үздіктері» тақырыбында байқауы өткізілді.
Сайыстың басты мақсаты — педагогтердің шығармашылық және кәсіби дамуын жетілдіру, озық педагогикалық тәжірибелермен бөлісу және кәсіби біліктілігі жоғары мұғалімдерді анықтау және іс- тәжірбиесін тарату болып саналады.
Сондай-ақ аталған байқау — педагогтердің қоғамда оң имиджінің қалыптасуына, ұстаз мәртебесінің артуына, білім беру саласына тәуелсіз сараптама жасап, үздіктерін анықтап, оларды көтермелеу бағытында қоғамдық сектордың маңыздылығы зор. Мемлекет басшысы айқындап берген мақсат-міндеттерді орындап, қоғамда педагог мәртебесін көтеру, білім саласында өз жұмысын адал, сапалы әрі жауаптылықпен орындайтын білікті мамандарды ынталандырып, өзге әріптестеріне үлгі ету мақсатында ұйымдастырылды.
Тәуелсіз еліміздің тірегі- білімді ұрпақ десек, ал жаңа дәуірдегі өзекті мәселе білім беру мен ғылымды дамыту. Осы орай да мектепті білім ордасы десек ,сол білім ордасындаңы ұстаз қандай болу керек деген сұрақ туындайды. Менің ойымша жаңашыл мұғалім кез-келген ауыртпалықты өзіне қабылдай отырып, тәуекелге баруға дайын болуы керек. Ол тек ұстаз болып шектеліп қалмауы керек әрқашанда әмбебап болуы қажет . Оқушыға білім мен тәрбиені қатар бере отырып дос бола да білу керек.
Байқауға қатысушылар тәрбие жұмысындағы шығармашылық ізденісі,жаңалығы , ата-аналармен өткізілген жаңа форматтағы кездесулер, олардың тиімділігі, қол жеткізген нәтижелері, жыл бойы өткізген іс-шараларынан , автордың өзіндік үлесі айқындалған үлгілік әзірлемесі бойынша таныстырылымдар мен бейнетүсірілімдері бойынша бақ сынасты. №1 жалпы орта мектібінен қатысқан 6-сынып жетекшісі Ходжаева Гулхаё Абдулвахитқызы өзінің жаңашыл идеясымен,ата-аналармен сенімді қарым-қатынас құру, тәрбие мәселесінің өзіндік педагогикалық идеясын көрсетті. Әділ-қазылардың шешімімен ол ІІІ-орынға жайғасты. Жеңімпаздар арнайы алғыс хатпен марапатталды.