13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДАҒЫ БІЛІМ ОШАҒЫНДА ПІКІРСАЙЫС КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

28 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДАҒЫ БІЛІМ ОШАҒЫНДА ПІКІРСАЙЫС КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Бәйдібек ауданы білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес, «Дебатпен біліміңді шыңда» тақырыбында Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебінде семинар өтті. Семинарда, аталған мектепте ДЕБАТ кабинеті ашылып, лентасы қиылды. Әр мектептен келген дебат жетекшілері арасында тренинг сабақтар, дебат ойындары ойнатылып, өзара тәжірбие жинақталды. Дебат ойыны –тілі жүйріктерінің өнер жарысы, сөз сайысы екендігін айта келе жас пікірсайысшыларға пікірсайыс алаңында биік шыңдарды бағындырады, заңғар асуларды алады.

Бәйдібек ауданының осы кезге дейін түрлі деңгейде оқушылар арасында дебат сайыстары ұйымдастырылып, шәкірттер облыстық, республикалық деңгейлердегі бәсекелерде үздік атануда. Осы тұрғыда бұл жұмыстарды одан әрі жаңғырту қолға алынып, арнайы пікірсайыс кабинетіде ашылып отыр. Мұнда әр білім ошақтарында үздік деп танылған оқушылар дебат сайысына дәл осы жаңадан ашылып жатқан кабинетте машықтанып, түрлі сайыстарда аудан абыройын қорғайтын болады.
Аталған мектеп бүгінде министрлік бекіткен төрт жобаны тиімді жүзеге асыруда. Соның ішінде шарада оқушылар «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында бук-трейлерден TEDx форматында оқыған кітаптарын талдайды.

Қазіргі уақытта жан-жақты даму үшін тек білім қоры жеткіліксіз. Әр адам жинаған білімі мен білігін дұрыс пайдалануы маңызды. Бұл ретте дебат ойындары мен мектептегі өзін-өзі басқару тетіктері жоғарыда аталған қабілеттерді қалыптастырады.

Дебат тек зияткерлік ойын емес, ол – сыни ойлау дағдыларын қалыптастырып, ақпаратты дұрыс талдауға, командамен бірлесіп жұмыс істеуге, сұрақ қойып, оларға нақты жауап беруге үйрететін білім беру технологиясы.

Ойынға қатысушылар кейін үгіт-насихат пен популистік идеяларды оңай ажыратып, өз ұстанымын көпшілікке нақты аргументтер арқылы жеткізе алады. Мұндай тәжірибе жастарға күнделікті ақпарат ағынын сыни қабылдауға да көмектеседі. Балалар бір-бірімен қарым-қатынас жасай отырып, өздерінің әлеуметтік байланыстары мен бір-біріне деген сенімін нығайтады.

Пікірсайыстарда жетістіктерге жету үшін көзқарас, мықты мінез, өз ұстанымын дәлелді түрде қорғай білуге жетелейтін ұмтылыс маңызды. Ол үшін көп кітап оқып, танымдық бағдарламаларды қарап, қарым-қатынас орната білу, аргументация дағдыларын дамыту бойынша үнемі жұмыс істеу керек.
Жалпы еліміздегі оқушылар арасында дебат ойындары алғаш рет 1996 жылдың сәуір айында өтті.
Сол уақытта Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар облыстарында, Астана және Алматы қалаларында ұйымдастырылған ойындардың өзіндік стилі мен бағыттары қалыптасты. Әрине, ол ойындар оқушылардың бойында коммуникативтік құзыреттілікті дамытуға мүмкіндік берді.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ОТЫРАР ӨНЕР ЖӘНЕ САЗ МЕКТЕБІНЕ - 50 ЖЫЛ!

Next Post

ТӨЛЕБИ АУДАНЫ: МЕКТЕПТЕ «ТӘЖІРИБЕЛІК АЛАҢ» ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі