13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ОТЫРАР ӨНЕР ЖӘНЕ САЗ МЕКТЕБІНЕ — 50 ЖЫЛ!

28 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ОТЫРАР ӨНЕР ЖӘНЕ САЗ МЕКТЕБІНЕ — 50 ЖЫЛ!
Share on FacebookShare on Twitter

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты «Отырар өнер және саз» мектебі оқушылардың рухани әлемін сусындатып, өнерлі жастарға сапалы білім беріп келе жатқанына биыл 50 жыл толып отыр.
Алғаш аудандық балалар музыка мектебі болып құрылған қосымша білім беру ұйымы осы жылдар ішінде талай жастың талантына қанат бітіріп, өнердегі шамын жағып келе жатқан қасиетті шаңыраққа айналды.

« Отырар өнер және саз мектебі » МКҚК-ны – Түркістан облысы , Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы М.Әуезов көшесі №5 ғимаратта орналасқан қосымша білім беру мекемесі. Мектеп бойынша 10 үйірме балалардың қосымша білім алуына, болашақта білімді әрі өзіне сенімді тұлға болып қалыптасуына үлес қосады. Біздің мектеп оқушылар мен ата-аналардың көңілінен шығып келеді.
Бүгін аталған өнер мектебінің мерейтойы ауданымызда ерекше салтанатпен аталып өтті. Мерекелік шараға келген көпшілік алдымен қолөнер шеберлері мен көркемсурет және ағашқы көркемдеп өңдеу жұмысының көрмелерін тамашалады. Мұнан соң өнер мектебінің шәкірттері дайындаған концерттік бағдараламаға ұласып, жарты ғасырлық тарихы бар өнер ордасының өткені мен бүгіні туралы деректі фильм көрермендер назарына ұсынылды.

«50 жылдық тарихы бар өнер ұжымы бүгінде ұлтымыздың асыл мұрасы, рухани жәдігері ұлттық өнерімізді насихаттап, үлкен белестерді бағындырған өнерпаздарға толы. Шәкірттері талай республикалық және халықаралық байқауларда топ жарып жүр. Өнер мектебінің түлектері Бауыржан Тұрғараев, Бағлан Омаров, Арман Әбуов, Гүлбақыт Сапарханқызы, Тамара Маханова, Еркеғали Махмудханов, Жанна Сатыбалдиевалар өнер әлемінде өз орнын қалыптастырды.
Бұдан бөлек облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда ауданның абыройын асқақтатып жүрген өнерлі жастарымыз қаншама. Бүгінгі өнер мектебінің мерейлі мерекелік жылына өнер мектебінің ұжымына аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов пианино музыкалық аспабын тарту етті.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНЕ АРНАЛҒАН “МЫҢ БАЛА” ҰЛТТЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК ОЛИМПИАДАСЫ ӨТУДЕ

Next Post

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДАҒЫ БІЛІМ ОШАҒЫНДА ПІКІРСАЙЫС КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі