13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТӨЛЕБИ АУДАНЫ: МЕКТЕПТЕ «ТӘЖІРИБЕЛІК АЛАҢ» ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

28 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ТӨЛЕБИ АУДАНЫ: МЕКТЕПТЕ «ТӘЖІРИБЕЛІК АЛАҢ» ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Төлеби ауданы, Майбұлақ жалпы орта мектебінің базасында «Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің шығармашылық қабілеттерін ұлттық құндылықтар арқылы дамыту» тақырыбында «Тәжірибелік алаң» іс-шарасы ұйымдастырылды.

Төлеби ауданының мектептерінде ұстаздық ететін 51 мұғалімнің қатысуымен өткен аталмыш шараның әр сәтінен ерекше әсер алған педагогтарға «Тәжірибелік алаң» барысында түрлі әдіс-тәсілдердің тиімділігі іс жүзінде көрсетілді.

Ағылшын тілі пәнінің басты міндеті — білімгерлердің тілдік қарым-қатынас жасай алу біліктілігін жетілдіру. Ағылшын тілі пәні мектепте білім, тәрбие берумен қатар жасөспірімдердің жеке бас қасиеттерін тұлға ретінде жетелдіруге қоғамдағы өз орнын табуға ерекше ықпал етеді.
Ағылшын тілін оқыту кезінде кез келген бір әдістемені қолдану әртүрлі шарттарға байланысты болып келеді. Ең басты шарттары: ағылшын тілін оқытудың алдына қойылатын мақсаты, оны оқып-үйренуге бөлінген уақыт, сағат саны жатады. Осы шарттардың ішінде аса маңызды роль атқаратын-оқыту мақсаты болып келеді. Бұл шарт қоғамның дамуы, оның басқа елдермен саяси,шаруашылық және тағы да басқа байланыстары шетел тілін оқытудың мақсаттарын анықтауға тікелей әсер етеді.
Белгілі ғалым Н. Д.Гальскованың айтуы бойынша, кіші сынып оқушылары шетел тілдерін меңгеруге өте бейім. Баланың имитациялық қабілеттері, табиғи қызығушылығы әрқашан жаңаны меңгеруге қолайлы жағдай жасайды.

«Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз» демекші, «Тәжірибелік алаң» аясында Майбұлақ жалпы орта мектебінің мұғалімдері өз істеріне және оқушыларына деген сүйіспеншіліктерін байқатты. Ал аталған іс-шараға қатысуға келген ұстаздар «Тәжірибелік алаң» туралы жақсы пікірлерімен бөлісіп, майбұлақтық педагогтарға алғыстарын білдірді.

Previous Post

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДАҒЫ БІЛІМ ОШАҒЫНДА ПІКІРСАЙЫС КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

Next Post

"AMANAT" : Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері білім беру мекемелерінің құрылыс жұмыстарын зерделеді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі