Мақтаарал ауданы білім бөліміне қарасты Әл-Фараби атындағы №47 жалпы орта мектебінде «Жаңартылған білім беру-тиімді әдістердің жүйесі» тақырыбында аудандық семинар болып өтті.
Семинар мақсаты жаңартылған бағдарлама бойынша өзара тәжірибе алмасу, құнды ақпараттар беру арқылы тәжірибедегі проблемалардың шешу жолдарын табуға әдістемелік көмек беру болып саналады.
Білім беру мазмұнын жаңарту білім берудің қазіргі заманғы үрдістерін және қазақстандық білім берудің үздік практикасын кіріктіруге бағытталған. Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде қазақстандық педагог-практиктердің және ғалымдардың ұсыныстары ескеріліп жасалды.
Оқушылар барлық пәндерді оқу кезінде АКТ қолдану дағдыларын дамытады. Ақпаратты іздеу және өңдеу барысында ұжымда идеялармен алмасады, өз жұмыстарын бағалайды және жетілдіреді, түрлі жабдықтар пен қосымшалардың кең ауқымын пайдаланады. АКТ оқушы білімінің, оларды тиімді қолдану бойынша дағдыларының дамуына жәрдемдеседі.
Оқу бағдарламаларында оқу мақсаттарының жүйесі түрінде берілген күтілетін нәтижелер тұжырымдалған. Күнделікті білім беру үдерісі оқу мақсаттарына жетуге және оқушыларда алынған білім мен дағдыларды кез келген оқу және өмір жағдайында шығармашылық пайдалануға дайындығынқа Мен өзімнің іс тәжірибемде «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» пайдалана отырып,бағалаудың қалыптастырушы түрін кеңінен қолданамын. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының стратегияларын ұтымды пайдалану оқушылардың шығармашылық қасиетін анықтауда, күшейтуде, оқытудың тиімділігін, сапасын арттыруда ерекше маңызды. Бұл бағдарламаның мақсаты – барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез келген мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап , ең керекті пікір, ұйғарым таңдауға , шешім қабылдауға,өзін-өзі бағалауға ,бірін-бірі бағалауға үйрету. Оқушылардың білім деңгейін көтеруге, шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға жетелеу. Сын тұрғысынан ойлау сынау емес, шыңдалған, бірін – бірі толықтырған ойлау. Ең бастысы жекелей, топта, сыныпта оқушылардың білім деңгейін көтеруге ретімен сұрыптап қолданған стратегиялардың қай – қайсысы болсын сабақтың сапасын арттыруда үлесі зор деп ойлаймын.
Қазақстанда білімнің стратегиялық міндеттері ұлттық білім беру жүйесіндегі жетістіктерді сақтай отырып, оны әлемдік білім беру үрдісінің ең озық үлгілеріне сәйкестендіруге негізделеді.
Семинар, оқушылардың керемет қолөнерін тамашалаудан басталды. Әрі қарай келген қонақтарға тамаша көңіл-күй сыйлау мақсатында концерттік бағдарлама көрсетілді.
Сабақ үрдісінде пәнді меңгертудегі тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып пән мұғалімдері бағдарламаға сай тәжірибе алмасу мақсатында ашық сабақтар өткізді. Оқушылармен тілдік дағдысынү дамыта отырып, үлгілі сабақ жоспарын ұсынды. Сабақтарға қатысқан мұғалімдер жоспарлау, белсенді әдіс-тәсілдер, қалыптастырушы бағалаудың тиімді жақтарын меңгере алды.
Семинар соңында ұйымдастырушылар келген қонақтарға және семинарды ұйымдастырып ынтымақтастық, ауызбіршілік көрсеткен әріптестеріне өз алғыстарын жеткізді.