Арыс қаласының білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жоспарына сай, «№372 бастауыш мектебінде «Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында қалалық тәжірибелік семинар өтті.
Семинардың мақсаты бастауыш сынып сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру тетіктерін зерделеу арқылы оқытудың озық технологияларын тиімді пайдаланып, сапалы білім беру, алған білімдерін өмірде тиімді пайдалана білетін тұлға қалыптастыру болып отыр.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру – білім беру процесінің негізгі бөлігі болып табылады. Келешек ұрпақты сауатты етіп тәрбиелеу Қазақстандағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарында көрсетілген болып, онда оқушылардың құзыреттілік біліктерін, алған білімдерін шынайы өмірлік жағдаяттарда тиімді қолдана білу қабілеттерін дамыту көзделген. Ұлттық жоспардың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау. Қазіргі білім мен ғылымның дамыған заманда білім беру жүйесінде «Функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру ең өзекті мәселеге айналып отыр.
Әлемнің дамыған елдер қатарына ену үшін маңызды осы стратегиялық міндеттерді шешу жағдайында тұлғаның шығармашылықпен ойлауы мен мәселелерді жаңаша шешім табу қабылдау қабілеттері, кәсіби жол таңдау білігі, өмір бойы ізденіп білім алуға дайындығы, яғни бүгінгі жаһандану заманының ағымына сай болу – оның басты функционалдық қасиеттері болып табылады. Аталған функционалдық біліктер мектеп және отбасында қалыптасады.
Қалалық тәжірибелік семинарға Арыс қаласы білім бөлімнің әдістемелік кабинет меңгерушісінің м.у.а Асылбекова Жанар, бөлім әдіскерлері Жайсанбаева Махаббат пен Сулейменова Перизат және бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепалды даярлық сыныптарының тәрбиешілері қатысты.
Педагогтер сабақ барысында инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланып өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында сабақтарға қатысқан бөлім әдіскерлерімен бастауыш сынып мұғалімдеру кері байланыс жасады.