Қазіргі қоғамда адамдар тек бір саланың ғана соңынан ерсе аса көп жетістіктерге қол жеткізбеуі мүмкін. Себебі, бүгінгі қоғам әралуан саладан хабары бар, бірнеше мамандықты игерген әмбебап адамдарға мұқтаж. Әрине, адам баласының барлығы да бірдей діндар бола алмауы мүмкін. Бірақ, діни сауатты болғаны абзал. Зайырлы қазақ қоғамында Тәуелсіздік алғалы талай білім ордалары құрылып, салалық мамандықтар көбейе түсті. Солардың бірі діни білім алу мәселесі.
Қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін түрлі саладағы мамандар қажет. Білім беру үшін – мұғалім, денсаулық сақтау саласында – дәрігер, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде – полиция дегендей. Біз қоғамды бүтіндей діндар болуға емес, діни сауатты болуға үндегіміз келеді. Себебі, діни ағым өкілдері қоғамның барлық салаларын дендеп үлгерді. Ал, олармен біз кәсіби маманданған теологтармен қатар өз саласындағы діни сауатты адамдар арқылы да күрес жүргізуіміз қажет. Тым құрығанда діни сауатты ата-ана өз балаларына дұрыс бағытты сілтей алса, біз діни сауатты қоғам қалыптастыра аламыз. Діни білімді, негізгі іргетасты, дұрыс көзқарасты қоғамның әрбір мүшесі қалыптастыра алса бізде деструктивті діни ағымдарға бірыңғай иммунитет қалыптасады.
Түркістан өңіріндегі білім ұяларында дін саласындағы мәселелер туралы, шетелде діни білім алудың қауіптілігі мен оның зардаптарын кеңінен түсіндіру шарасы қолға алынды. Еске болса, Ордабасы ауданы әкімінің 18.04.2023 жылғы №28-н өкімімен «Ордабасы ауданы аумағында діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында жұмыс жүргізетін ақпараттық-түсіндіру топтары» құрылған болатын.
ОСыған орай, бүгінде құрамында аудандық ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Е.Шарапов, «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теолог маманы Қ.Салықбаев, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Б.Сәрсенбеков, Шұбарсу ауыл округі әкімінің орынбасары Ғ.Аман және Шұбарсу ауыл округіне қарасты учаскелік полиция инспекторы бар lll- топ мүшелері Шұбарсу ауылдық округінде орналасқан «Достық» жалпы орта мектебінің 9,10,11 сынып оқушыларымен кездесті.
Кездесудің мақсаты дін саласындағы мәселелер туралы, шетелде діни білім алудың қауіптілігі мен оның зардаптарын кеңінен түсіндіру және шетелде діни білім алуға ниет білдіруші аудан азаматтары мен жастардың алдын алу болып отыр. Аталған іс- шара оқу жылының аяқталу мерзіміне дейін жалғасатын болады. Айта кетсек, кездесуге 150-ден астам оқушы қатысты.