13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ОРДАБАСЫ:«Қосымша білім беру мекемесінің жұмыс жүйесі» тәжірибелік семинары өтті

24 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ОРДАБАСЫ:«Қосымша білім беру мекемесінің жұмыс жүйесі» тәжірибелік семинары өтті
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ордабасы ауданыдық адами әлеуетті дамыту бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес, әдіскер Н.Алимкуловтың ұйымдастыруымен 2023 жылдың сәуір айының 24 күні аудандық «Өнер» мектебінде қосымша білім беру педагогтарына арналған «Қосымша білім беру мекемесінің жұмыс жүйесі» тақырыбында тәжірибелік семинары өтілді.

Қазіргі таңда білім беру жүйесінде қосымша білім беру мектептен тыс ұйымдардың бірегей жүйесін сақтау және дамыту, жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту және шығармашылық дамытуда олардың рөлін арттыру мақсатында ұйымдастырылады. Балаларға қосымша білім беру мазмұны, оны ұйымдастыру түрі, әдістері мен технологиялары сапасын көтеру, педагогикалық шығармашылық жұмысты бағдарлы түрде ұйымдастыру көзделген. Қазақстандағы қосымша білім беру жүйесі білім беру кеңістігінің ең динамикалық және дамушы құрамды бөлігі болып табылады, ол стандартты жүйеге қарағанда ерекше ашық және еркін дамуды қалыптастырады. Балаларға қосымша білім беру – білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту процесі, үздіксіз білім жүйесінің ажырамас бөлігі. Балалардың қосымша білім беру жүйесі – салауатты өмір салтын қалыптастыру, жеке тұлғаны өздігінен дамыту, шығармашыл дарынды балаларды іздеу, қолдау көрсету және дамыту, өскелең ұрпақ тәрбиесіне және олардың дарындылығын дамытуға, балалардың құқықтарын қорғауға назар аударуды күшейтуге бағыттауға негізделген.

Семинарға 52 жалпы орта мектебінен 38 музыка пән мұғалімдері, 23 қосымша білім беру педагогтары қатысты.
Семинардың мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілеттерін әдіс-тәсілдер арқылы дамыту, қосымша білім беруде балалардың алғашқы кісіптік білім деңгейін дамытудың жолдарын жетілдіру.
Семианар барысында Өнер мектебінің директоры А.Абуталипова «Білім алушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруда қосымша білім беру мекемесінің қызметін модернизациялау» тақырыбында баяндама жасап, «Өнер» мектебінің жұмыс жүйесі мен жетістіктерін таныстырып өтті.
Қосымша білім беру педагогтары: Р.Бейсенова «Ансамбль: әдемі музыканы біріктіру» тақырыбында, С.Нурсейтова «Домбыра күй орындаудың әртүрлі тәсілдерін қолдана отырып, оқушының орындатушылық әлеуетін артыру» тақырыбында, С.Абишова «Қазақтың біртуар әнші компазиторлары» тақырыбында, С.Ходжамжарова «Қазақ халқының күйлерін ырғақпен оқу» тақырыбында ашық сабақтар өткізді.

Семинар соңында, директордың тәрбие ісі жөніндеге орынбасары Н.Әліпбектің ұйымдастыруымен «Өнерлі өлке өрендері» атты қорытынды концерттік бағдарлама өткізілді.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МЕН ТАБЫСЫН АРТТЫРУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛІП ОТЫР

Next Post

ШЫМКЕНТ: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ “QAMQOR» БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі