13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МЕН ТАБЫСЫН АРТТЫРУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛІП ОТЫР

24 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МЕН ТАБЫСЫН АРТТЫРУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛІП ОТЫР
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында атаулы әлеуметтік көмек алатындардың саны 1 жылдың ішінде 51 мың адамнан 16 мың адамға дейін қысқарған. Бұл мемлекет тарапынан атқарылып жатқан халықты жұмыспен қамту шараларының нәтижесі.
Бүгін Абай ауданының халқымен кездесіп, есеп берген Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов осылай деді.

–Мемлекет басшысы халықты жұмыспен қамту мәселесіне ерекше назар аудару жөнінде тапсырма берді. Осы орайда, Шымкент қаласында 2022 жылы 65 799 адам жұмыспен қамту шараларына қатысты. Соның ішінде 7 мыңға жуығы уақытша жұмыс орындарына жолданса, 18 азамат кәсіптік қайта даярлау курстарында оқып шықты. Сондай-ақ, 40 мыңнан астам азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Осының нәтижесінде 2021 жылы атаулы әлеуметтік көмек алатындардың саны 51 мыңнан асса, 1 жылдың ішінде 16 мың адамға дейін қысқарған, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.
Шаһар басшысының айтуынша, халықты жұмыспен қамтуға әсер ететін сектордың бірі – өнеркәсіп. Бүгінде Шымкент қаласының өнеркәсіп кәсіпорындары негізінен 5 өндірістік аймақта орналасқан. Бірақ, бұл аймақтардың 90 пайызы зауыт-фабрикаларға толып тұр.

–Қалаға инвесторлардың көптеп келуін, сол арқылы өнеркәсіп саласын одан әрі дамытып, халықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету үшін жаңадан 3 индустриалды аймақ ашып, 2 аймақты кеңейтуді көздеп отырмыз. Атап айтқанда, биыл «Жұлдыз» және «Бозарық» индустриалды аймақтарының инфрақұрылым желілерінің құрылысы аяқталады. Бұл аймақтарда 2024 жылы алғашқы кәсіпорындар ашылады. Оған қоса биыл «Іскер қала» бағдарламасы арқылы жұмыс істейтін «Стандарт» индустриалды аймағы өз жұмысын бастайды. Алдағы уақытта «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы мен көлік-логистикалық орталығының аумағын кеңейтуді көздеп отырмыз, – деді М.Әйтенов

Қала әкімінің халықпен кездесуінде білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікке қолдау көрсету және өзге де бағыттарда атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап өтті. Кездесудің соңында Мұрат Дүйсенбекұлы тұрғындардың сауалдарына жан-жақты әрі толық жауап берді.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: БИЫЛ АБАЙ АУДАНЫ АУЫЗСУМЕН ЖӘНЕ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

Next Post

ОРДАБАСЫ:«Қосымша білім беру мекемесінің жұмыс жүйесі» тәжірибелік семинары өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі