13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ “QAMQOR» БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

24 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ “QAMQOR» БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов пен «Отбасы банк» АҚ-ның төрайымы Ляззат Ибрагимова ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Екі жақты меморандум негізінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, энергетика және БАҚ саласының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жеңілдетілген несие беру мақсатында «Qamqor» өңірлік бағдарламасы әзірленді.
Бағдарлама аясында 150 адамды жеңілдетілген несиемен қамту мақсатында жергілікті бюджеттен 3 млрд.теңге қаржы қаралды.

Несие бойынша мөлшерлеме 5%, алғашқы жарна 10%, 20 жыл мерзімге беріледі. Бүгінгі уағдаласу тұрғын үй кезегіне тұруға жатпайтын, баспанасы жоқ мемлекеттік емес ұйымдардағы дәрігерлер, медбикелер, санитарлар, педагогтар, тәрбиешілер, ЖОО және колледж оқытушылары, ғылыми қызметкерлер, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, журналистер, энергетика саласының және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалының қызметкерлері, мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерін пәтермен қамтуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, қалада 50 мыңға жуық азамат баспана кезегінде тіркелген. Олардың қатарында 1941 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 10 524 көпбалалы отбасы, 17 330 халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы, 20 147 мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер, 28 жалғыз тұрғын үйі апатты жағдайда деп танылған азаматтар бар. Өткен жылы тұрғын үй кезегіне тіркелгендерге 3 мыңға жуық пәтер берілді. Оның ішінде халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы, көпбалалы отбасыларға және жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға 748 пәтер табысталды. 1276 пәтер — «Отбасы банк» АҚ-ы арқылы «2-10-20 Бақытты отбасы», «5-10-20 Шаңырақ», «5-20-25» бағдарламалары бойынша несие негізінде берілді. Ал, биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 324 арендалық, 1621 несиелік және жұмыс істейтін жастарға 888 пәтер беріледі деп жоспарлануда. Сонымен қатар, жыл қорытындысымен салынатын 72 тұрғын үйден 3072 пәтерлі 67 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, жыл соңына дейін жұмыс жасайтын жастар үшін нарықтан 900 пәтер сатып алу жоспарланған.

Previous Post

ОРДАБАСЫ:«Қосымша білім беру мекемесінің жұмыс жүйесі» тәжірибелік семинары өтті

Next Post

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ ҮШІН 1500 БЕЙНЕКАМЕРА ОРНАТЫЛАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі