13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТӨЛЕБИЛІК ПЕДАГОГ – ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

26 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ТӨЛЕБИЛІК ПЕДАГОГ – ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Қосымша білім беруді жүзеге асырып жүрген педагогтардың потенциалды мүмкіндіктерін анықтау, озық тәжірибемен бөлісу мақсатында Түркістан облысының білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткен «Жаңашыл қосымша білім беру педагогы» облыстық байқауында ауданымыздағы Қ.Мамытов атындағы жалпы орта мектептің қосымша білім беру педагогы Жанера ИСАҚОВА ІІІ орыннан көрінді.

Айта кетсек, қазіргі кезеңде Республикамызда қосымша білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты міндеттердің бірі — оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Қазіргі таңда білім беру жүйесінде қосымша білім беру мектептен тыс ұйымдардың бірегей жүйесін сақтау және дамыту, жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту және шығармашылық дамытуда олардың рөлін арттыру мақсатында ұйымдастырылады. Балаларға қосымша білім беру мазмұны, оны ұйымдастыру түрі, әдістері мен технологиялары сапасын көтеру, педагогикалық шығармашылық жұмысты бағдарлы түрде ұйымдастыру көзделген. Қазақстандағы қосымша білім беру жүйесі білім беру кеңістігінің ең динамикалық және дамушы құрамды бөлігі болып табылады, ол стандартты жүйеге қарағанда ерекше ашық және еркін дамуды қалыптастырады. Балаларға қосымша білім беру – білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту процесі, үздіксіз білім жүйесінің ажырамас бөлігі. Балалардың қосымша білім беру жүйесі – салауатты өмір салтын қалыптастыру, жеке тұлғаны өздігінен дамыту, шығармашыл дарынды балаларды іздеу, қолдау көрсету және дамыту, өскелең ұрпақ тәрбиесіне және олардың дарындылығын дамытуға, балалардың құқықтарын қорғауға назар аударуды күшейтуге бағыттауға негізделген.

Previous Post

ТӨЛЕБИ АУДАНЫ: ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТАР СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Next Post

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚАЗЫҒЫ ҚАҒЫЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі