Ленгір қаласындағы №1 мектеп-гимназияда «Есірткі – жас өмірді улаушы» тақырыбында әлеуметтік педагогтардың аудандық семинары болып өтті. Семинардың мақсаты ата-ана мен баланың қарым-қатынасын жақсарту, отбасында туындайтын түрлі келеңсіз жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау болып табылды.
Бүгінде жасөспірімдер нашақорға, есірткінің құлына айналады. Есірткіні түнгі клубтарда би алаңдарында, тіпті базарда да сатып алуға болады. Бүгінгі жастардың ой – арманы, мақсат – мүддесі, тілегі, тірішлік – тынысы біздің халықтың ХХІ ғасырдағы бет – бейнесін көп жағдаяттан анықтап берері даусыз. Есірткі қазіргі таңда көп түрі кездеседі мысалы: марихуана, кокаин, морфин, LSD, героин және тағы басқа түрлері адамның миына, психикасына, орталық жүйке жүйесіне қатты әсер етіп, рухани және физикалық тепе – теңдікті бұзатын зиянды заттардың бірі.
Есірткіге құмарлық ең қауіпті және апатты аурулардың бірі. Есірткіні пайдаланудың кезеңі қоғамдық факторлармен байланысты өзіңнің таныс топтарыңның арасына оларға еліктеу және абырой алу болады. Нашақорлық тұңғиық түбі, адамды еліктіретін аждаһаның бір басы. Адам ағзасына өте тез уландыратын аса қауіпті психикалық дерт. Оны әсіресі жас ағза тез қабылдайды. Бұл адамның көңіл – күйін, сана – сезімін, мінез – құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, нащақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түседі.Осы тұста, әлеуметтік педагогтарға артылатын жауапкершілік көп.
Семинарды Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас маманы Ұлжалғас Тастанова сөз сөйлеп, ашып беріп, жасөспірімдердің болашағын неғұрлым ерте ойлау керектігі, олардың тәлім-тәрбиесіне ерекше мән беру қажеттігі жөнінде, оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығы туралы айтып өтті. Ал семинар ұйымдастырушысы, әлеуметтік педагог Меруерт Таменова аталмыш мектеп-гимназия оқушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында атқарылған жұмыстарды көрсетті.
Семинар аясында «Сіз мән бермейтін қателіктер», «Салауаттылық – менің қалауым», басқа да тақырып бойынша жұмыс жүргізіліп, тәрбиелік мәні зор «Қисық жол» атты сыныптан тыс іс-шара өтті. Әлеуметтік педагогтар ата-аналармен және балалармен жүргізілетін жұмыс барысында жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану бойынша тәжірибе алмасты.