13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗЫ МАРАПАТТАЛДЫ

26 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Таяуда Щучинск қаласында өткен «Жаңашыл мектепке – Жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің VI Республикалық байқауында 20 облыстан 57 жас мұғалім бақ сынаған болатын.
Байқаудың басты мақсаты — жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесі мен шығармашылық әлеуетін арттыру, олардың инновациялық қызметін дамыту, олардың кәсіби шеберлігін одан әрі арттыру үшін жағдай жасау және оларды білім беру ұйымдарында бекіту мақсатында Жас педагогтер конкурсы өткізілді. Міндет – жас мамандарды инновациялық идеялар мен қызмет түрлерін іздеуге ынталандыру, оларды мәдени білім беру ортасының дәстүрлеріне баулу болып табылады.

Байқаудың алғашқы кезеңінде қатысушылар «Жаңа мектепке – жаңашыл мұғалім» тақырыбында эссе жазды.
«Олар өздерінің өмірлік, кәсіби және жеке ұстанымын, жетекші педагогикалық идеяларын ашып жазды. Байқауға қатысушылар үшін ең маңызды сәт танымайтын сыныпта сабақ өткізу болды. Конкурстық сабақтың тақырыбын қатысушы өзі таңдады. Байқаудың соңғы кезеңі «Шығармашылық жолдың басталуы» атты презентация.Байқауға қатысушылар өздері және мамандыққа деген көзқарасы туралы айтып берді. Айта кету керек, әрбір қатысушының кәсіби имиджін ашып айтуда, педагогикалық ұстанымын таныстыруда шығармашылық пен ізденіс бар», — деді «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының директоры Сержан Алибаев.

Бұл байқауға Кентау қаласы, Ә.Молдағұлова атындағы №19 ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінің химия пәнінің мұғалімі Әбсейт Алтынбек Серикбайұлы қатысып, жалпы қорытынды балл бойынша алғашқы бестіктің қатарына еніп, марапат иесі атанды. Жас ұстаздың республикалық додада жетістікке жетуі үлкен мақтаныш.

Алтынбектің шәкірттері де Республикалық ғылыми жобалар мен облыстық пән олимпиадасының жүлдегері. Мектеп ұжымы бұл ұстаз әлі талай белестерді бағындырып, талантты шәкірттер тәрбиелейді деген сенім білдіреді.

Previous Post

Майдангердің сүйегі Оңтүстік Қазақстанда қайта пана тапты

Next Post

ТӨЛЕБИ АУДАНЫ: ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТАР СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі