13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте 3 жаңа өнеркәсіп алаңы құрылады

27 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте 3 жаңа өнеркәсіп алаңы құрылады
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте 3 жаңа өнеркәсіп алаңы құрылады . Тағы 2-еуінің аумағы кеңейтіледі. Шымкент қаласында өнеркәсіпті дамыту және халықты тұрақты жұмыспен қамту мақсатында жаңадан 3 өнеркәсіп алаңы құрылып, тағы 2-еуінің аумағы кеңейтіледі. Бұл туралы Әл-Фараби ауданының халқымен кездесіп, есеп берген Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді.

– Қалаға көптеп инвестиция тарту, сол арқылы өнеркәсіп саласын одан әрі дамытып, халықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету үшін жаңадан 3 индустриалды аймақ ашып, 2 аймақты кеңейтуді көздеп отырмыз. Атап айтқанда, биыл «Жұлдыз» және «Бозарық» индустриалды аймақтарының инфрақұрылым желілерінің құрылысы аяқталады. Бұл аймақтарда 2024 жылы алғашқы кәсіпорындар ашылады. Оған қоса биыл «Іскер қала» бағдарламасы арқылы жұмыс істейтін «Стандарт» индустриалды аймағы өз жұмысын бастайды. Алдағы уақытта «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы мен Шымкент көлік-логистикалық орталығының аумағын кеңейтуді көздеп отырмыз, – деді қала әкімі Мұрат Әйтенов.

Қала әкімінің айтуынша, қолданыстағы 5 өндірістік алаңда 80 100-ден астам жұмыс орны құрылған. Ал, жаңа индустриалды аймақтарда да 8 мыңнан астам жұмыспен құрылады деген жоспар бар. – Мемлекет басшысы халықты жұмыспен қамту мәселесіне ерекше назар аудару жөнінде тапсырма берді. Осы орайда, Шымкент қаласында 2022 жылы 65 799 адам жұмыспен қамту шараларына қатысты. Соның ішінде 7 мыңға жуығы уақытша жұмыс орындарына жолданса, 18 азамат кәсіптік қайта даярлау курстарында оқып шықты. Сондай-ақ, 40 мыңнан астам азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Халықты тұрақты жұмыспен қамтуға шағын және орта кәсіпкерлік пен өнеркәсіп салалары екерше ықпалын тигізуде, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы. Қала әкімінің айтуынша, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2021 жылы Шымкентте атаулы әлеуметтік көмек алатындардың саны 51 мыңнан асса, 1 жылдың ішінде бұл көрсеткіш 16 мың адамға дейін қысқарған.

Previous Post

Шымкентте 8,7 шақырым жылу желілері жөнделеді

Next Post

ҚР чемпионаты: Шымкенттік волейболшы қыздар жеңіске жетті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі