13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте 8,7 шақырым жылу желілері жөнделеді

27 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте 8,7 шақырым жылу желілері жөнделеді
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қала аумағындағы жылу құбырларын ретке келтіру бойынша іс-шара жоспары мен штаб құрамы бекітілді. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен жылу жүйелерінің дайындығын пысықтауға арналған жиын өтті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Қазір қала аумағындағы жылу құбырларын ретке келтіру бойынша іс-шара жоспары мен штаб құрамы бекітілді. Жоспарға сәйкес, 8,7 шақырым жылу жүйелері жөндеуден өткізіліп, 9,3 шақырымға қайта құру жұмыстары жүргізіледі. Жобалар аясында Гагарин, Абай, Громов көшелеріндегі магистралды жылу құбырларын және Гоголь, Адырбеков көшелеріндегі жылу желілерін жөндеуден өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ қазір «3-Энергоорталық», «ҚазТрансГаз Аймақ», «ОңтүстікЖарықТранзит», «Су ресурстары — Маркетинг» коммуналдық мекемелер тарапынан да тиісті модернизациялық жұмыстар басталды.

Мұрат Дүйсенбекұлы өткен жылыту маусымындағы кемшіліктерді ескере отырып, барлық жылу жүйелерінде, қазандықтарда, сорғы стансаларында, инженерлік жүйелерде жоспарланған жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізіп, мерзімінде аяқтауды ескертті. Сондай-ақ, аудан әкімдеріне көп қабатты тұрғын үйлердің жертөлелерін тазалау, ішкі жылу жүйелеріндегі тозығы жеткен тік бағаналарын ауыстыруды ұйымдастыру бойынша тапсырмалар жүктеді.

Қаланың 2023-2024 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарының барысы бақылауға алынып, бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес апта сайын тұрақты мониторинг жүргізілетін болады. Айта кетейік, 2022 жылдың жылу беру маусымынан кейін 838 шақырым жылу жүйелерін тексеру барысында 79 ақау анықталған.

Өткен жылдың қорытындысымен қала тұрғындарының көмірге қажеттілігі 66 мың тонна, бүгінгі күнге дейін қалаға 100,8 мың тонна көмір тасымалданған, қоймаларда 35 мың тонна көмір қоры бар. Ал, инфрақұрылым жүйелерінің дайындығы 90 пайызды құраған болатын.

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ ҮШ ЖАҢА ӨНЕРКӘСІПТІК АЛАҢ АШЫЛЫП, ЕКЕУІНІҢ АУҚЫМЫ КЕҢЕЙТІЛЕДІ

Next Post

Шымкентте 3 жаңа өнеркәсіп алаңы құрылады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі