13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚР чемпионаты: Шымкенттік волейболшы қыздар жеңіске жетті

27 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ҚР чемпионаты: Шымкенттік волейболшы қыздар жеңіске жетті
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан чемпионаты Орал қаласында өз мәресіне жетті. Волейболдан әйелдер арасында Шымкент қаласының құрамасы жоғары лига бойынша ел чемпионы атанды.

Қазақстан чемпионаты Орал қаласында өз мәресіне жетті. Сайыста шымкенттік волейболшы қыздар асқан басымдықпен жеңіске жетті. Құрама команданың бас бапкері Дидар Ұланқызы қыздарды екінші жыл қатарынан чемпиондық тұғырға көтеріп отыр. Яғни, “Шымкент” командасы ел чемпионы атанса, II-орынға Жамбыл облысының “Тараз”командасы қол жеткізді. ІІІ -орыннан алаң иелері Орал қаласының “Грация-КZ” командасы көрінді.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауындағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған кешенді бағдарламасын жүзеге асыру тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған “Шымкент жастар лигасы” жобасы жалғасуда. Аталған жобаның мақсаты — мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спортпен шұғылдану арқылы олардың ерік пен табандылығын қалыптастыру және Қазақстан Республикасының чемпионаттарына команда жасақтау. Әр апта сайын мектеп оқушылары төрешілер бекіткен кестеге сәйкес, спорттық сайысқа түсіп, аудан аралық іріктеуге жолдама алуда. Әл-Фараби және Абай ауданының мектеп қабырғаларында волейбол ойынан қыздар арасында тартысты ойын өтті.
Атап айтқанда: Әл-Фараби ауданы бойынша:
1. [А-тобы] — №47 мектепте — №17 және №47, № 9 және №11;
2. [В-тобы] — №18 мектепте — №8 және №18, №14 және №35;
3. [С-тобы] — №64 мектепте — №76 және №75, №6 және №76;
4. [Д-тобы] — № 62 мектепте — №1 және №62, №20 және №7. Абай ауданы бойынша:
1. [А-тобы] — №86 мектепте — №5 мен №81, №87 мен №50;
2. [В-тобы] — №133 мектепте — №78 және №3, №122 және №26;
3. [С-тобы] — №137 мектепте — № 66 және №95, №95 және №137;
4. [Д-тобы] — №23 мектепте — №136 және №56, №125 және №60.

Previous Post

Шымкентте 3 жаңа өнеркәсіп алаңы құрылады

Next Post

ШЫМКЕНТ: 700-ге жуық ерекше балаға стоматологиялық қызмет көрсетілді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі