13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

26 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Әл-Фараби ауданының тұрғындарымен есепті кездесу өткізді. Қала әкімі тұрғындарға әлеуметтік-экономикалық даму, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікке қолдау көрсету, инженерлік-инфрақұрылым және өзге де бағыттарда атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарлардан хабардар етті.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Жайлы мектеп» жобасы бойынша шаһарда 18 мектеп, оның ішінде Әл-Фараби ауданында 3 мектеп салынады. 2023 жылы ауданда Қошқар ата аумағына абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Ал «Халық қатысатын бюджет» аясында 39 балалар ойын алаңшасын салу жоспарланып отыр.

– Әл-Фараби орталық аудан болғандықтан инженерлік-инфрақұрылым жүйелерімен қамтылған. Шымкент қаласы тұрғындарға барлық жағынан қолайлы болуы тиіс. «Қауіпсіз қала» дегенді айтып жүрміз. Ендігі ретте ауданда учаскелік инспекторлардың жұмысын жандандыру қажет. Атқарылған жұмыс та бар, кемшіліктер де аз емес. Мәселелер басымдығына қарай, кезең-кезеңімен шешіледі. Жалпы, қаламызды дамыту, өркендету жолында бірлесе жұмыс істеуге шақырамын, – деді қала әкімі.

Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев аудандағы барлық салада жүзеге асқан жұмыстарды баяндап, бірқатар мәселелерге тоқталып өтті. Сондай-ақ, аудан тұрғындары жылумен қамту, жол белгілерін орнату, тұрғын үйлерді жаңғырту, балалар ойын алаңшасы, қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мәселелері бойынша сауалдарын қойды.

Кездесу соңында Мұрат Дүйсенбекұлы әр тұрғынның мәселесін тыңдап, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Айта кетсек, осыған дейін шаһар басшысы Абай ауданының тұрғындарымен есепті кездесу өткізген болатын. Жиында тұрғындар инфрақұрылым мәселесін көтеріп, баяндама оқып бітпей сұрақ- жауапқа көшуді сұранған еді. Тұрғцындардың өініш-тілегі арнайы хаттамаға толтырылады.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ КӘСІПТІ НӘСІПКЕ АЙНАЛДЫРДЫ

Next Post

ШЫМКЕНТ: ЕРЛІК ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі