13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ЕРЛІК ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

26 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: ЕРЛІК ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл Чернобыль апатына 37 жыл. Бұл- адамзат тарихындағы ең сұмдық техногендік апаттардың бірі. Сондай-ақ, дүниежүзі тарихындағы ең ірі жарылыстың бірі болды. Украинағы Чернобыль алапат апаттың зардабын жоюға бұрынғы Кеңес Республикаларынан 600 мыңға жуық адам жұмылдырылды. Оның 35 мыңға жуығы қазақстандық азаматтар болды. Өкінішке орай, Чернобыль зардабын ардагерлеріміз әлі күнге тартып келеді. Бүгінгі таңда елімізде Чернобыль апатының зардаптарын жоюға атсалысқан 2500 ардагер ғана қалған. Соның 300-ге жуығы Шымкентте тұрады.

Бүгін Шымқалада аталмыш апатқа 37 жыл толуына орай, «Чернобыль ардагерлері Одағының» ұйымдастыруымен апат құрбандарын еске алу және ардагерлердің ерлігіне тағзым кеші өтті. Чернобыль құрбандары аллеясында өткен іс-шараға Чернобыль апатының, Ауған, Тәжік-Ауған, Таулы Қарабақ, «Семей сынақ», «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық ұйымдарының ардагерлері қатысты.

Жиналған көпшілік апат салдарынан қаза болған сарбаздардың құрметіне ескерткішке гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды. Жиында сөз алған Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Бексұлтан Әділханов бұл күннің маңыздылығына тоқталып, белсенді ардагерлерді марапаттады.

Айта кетейік, ардагерлердің басын біріктіретін « Чернобыль ардагерлер Одағы» қоғамдық бірлестігі қаламыздағы азаматтық қоғамды дамыту, жастарды патриотизмге тәрбиелеу бағытында белсенді жұмыс атқарып келеді. Олар жастарменкездесіп, өздерінің ерлік оиғаларымен бөлісіп жүр.

Жастардың сұрақтарына жауап беріп, жас ұрпақ тәрбиесіне етене араласып жүр. Олардың мақсаты жас ұрпаққа ерлікті дәріптеу, үлгі тұтуға шақыру. Ал ерлік ешқашан ұмытылмайды. Өз бастарын қатерге тіккен азаматтардың өнегесі ел жадында мәңгі сақталады.

Previous Post

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Next Post

Список 20 магистральных улиц в Шымкенте, которые отремонтируют в этом году

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі