13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚХА ХХХІІ СЕССИЯСЫ: Шымкенттен 21 делегат қатысып жатыр

26 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ҚХА ХХХІІ СЕССИЯСЫ: Шымкенттен 21 делегат қатысып жатыр
Share on FacebookShare on Twitter

Сессия жұмысына 1000-нен астам адам қатысады. 26-27 сәуір күндері Астана қаласында өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессия жұмысына Шымкент қаласынан жалпы саны 21 делегат қатысып жатыр. Делегация құрамында ассамблея құрамына кіретін қала басшылығы, мәслихат депутаттары, қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, ҚХА жанындағы құрылым басшылары мен «Ассамблея жастары» РҚБ Шымкент қалалық өкілдігінің басшысы бар.

Бүгін Астана қаласында ҚХА XXXII сессиясы басталды. Сессия жұмысына 1000-нен астам адам қатысады. Ол тізімде парламент депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, діни бірлестіктердің басшылары, ҚХА мүшелері, республикалық және облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, үкіметтік емес ұйымдардың, дипломаттық корпустың, ғылыми, шығармашылық зиялы қауымының, қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар.

Сессияның бірінші күні Шымкент қаласынан барған делегация мүшелері Назарбаев Университетінде «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» тақырыбындағы ҚХА XXXII сессиясы тықырыбын секциялық пікірталас алаңдарында талқылады. Делегация құрамындағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары, қалалық мәслихат депутаттары және қалалық ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдардың жетекшілері секциялық пікірталас алаңдарында «ҚХА-ның саяси реформаларды іске асырудағы және жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы рөлі», «Ұлттыққұрылыс және жалпыұлттық бірегейлік бойынша интенсив», «Этносаясаттың өңірлік аспектілері бойынша интенсив» тақырыптарында сарапшылармен өзара пікір алмасып жатыр. Айта кетейік, 27 сәуір күні Мемлекет басшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Қ.К.Тоқаевтың жетекшілігімен «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» тақырыбындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясы Елордадағы «Бейбітшілік және келісім» сарайында өтеді.

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 20 МАГИСТРАЛДЫ КӨШЕГЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Next Post

Форвардтық шарт: Шымкентте көкөніс өнімдері шекті бағаны ұстап тұр

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі