13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 20 МАГИСТРАЛДЫ КӨШЕГЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

26 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 20 МАГИСТРАЛДЫ КӨШЕГЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл Шымкент қаласында 20 магистралді көше жөнделеді. Бұл туралы қала әкімінің Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен өткен кездесуінде айтылды. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен биылғы жоспардың орындалу барысы баяндалды. М.Дүйсенбекұлының тапсырмасына сәйкес жыл басында қала аумағындағы жолдардың сапасын арттыру мақсатында арнайы мониторинг жасалған болатын. Талдау нәтижесінде жөндеуді қажет ететін 20 магистраль көшеге биыл орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Жыл соңына дейін жөндеуден өтетін нысандар:

1. Д.Қонаев даңғылы
2. №1 автомобиль жолы
3. Қазыбек би көшесі
4. Желтоқсан көшесі
5. Назарбеков көшесі
6. Аймауытов көшесі
7. Көшеров көшесі
8. Тыныбаев көшесі
9. Қабанбай батыр көшесі
10. Анаров көшесі
11. Жансүгіров көшесі
12. Абай даңғылы
13. Исмайлов көшесі
14. Алпысбаев көшесі
15. Еділбаев көшесі (Ақжайық ш/а)
16. Пазиков көшесі (Шапағат ш/а)
17. Орынбаев көшесі
[18. Шанин көшесі
19. Байтіленов көшесі
20. Үркімбаев көшесі

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен Әл-Фараби ауданының тұрғындарымен есептік кездесу өтті. Аталған жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен биылғы жоспардың орындалу барысы баяндалды. Мұрат Дүйсенбекұлының тапсырмасына сәйкес, жыл басында қала аумағындағы жолдардың сапасын арттыру мақсатында арнайы мониторинг жасалған болатын. Осыған сәйкес, талдау нәтижесінде жөндеуді қажет ететін 20 магистраль көшеге биыл орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болды. Еске сала кетейік, Шымкент қаласының аумағына кіретін жолдардың жалпы ұзындығы 3247,6 шақырымды құрайды. Оның ішінде, қаланың магистралды және ішкі орам көшелерінің 2066,1 шақырымы асфальт жол. Бұл жолдардың асфальт үлесімен 63,6% пайызды құрайды. Ал қала меншігіндегі 1024 шақырым жол, яғни 31,5% пайызы шағал тас төселген көшелер.

Айта кетейік, 2022 жылдың қорытындысымен қала аумағындағы жолдар мен елді мекендердің көшелеріне жол құрылыс жұмыстар 287,8 шақырымға жүргізілді. Ал, 2023 жылы 256,8 шақырым жолға құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Ал, жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 2022 жылы 67,4% пайызды құрады. Бұл көрсеткішті 2023 жылы 71,2% пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Қаланың магистралды көшелері мен ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары 256,3 шақырымды құрайтын 152 нысанда немесе 294 көшеге жүргізіліп, пайдалануға берілді. Ал, 2023 жылы орташа жөндеу жұмыстарын 201,7 шақырымды құрайтын 253 көшеге жүргізу жоспарлануда.

Сондай-ақ, Қаратау ауданында 50 шақырымды құрайтын 74 көшеге асфальт төселеді. Қаратау ауданы аумағында жалпы ұзындығы – 631 шақырымнан тұратын 595 көше бар. Оның 364 шақырымы асфальттанған көше болса, 233 шақырымын шағал тас, 33 шақырымын топырақ көшелер құрайды. Жалпы 2023-2025 жылдар аралығында 441,2 шақырымды құрайтын 466 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Previous Post

Врачи Шымкента вернули с того света 52-летнюю горожанку

Next Post

ҚХА ХХХІІ СЕССИЯСЫ: Шымкенттен 21 делегат қатысып жатыр

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі