13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Форвардтық шарт: Шымкентте көкөніс өнімдері шекті бағаны ұстап тұр

26 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
Форвардтық шарт: Шымкентте көкөніс өнімдері шекті бағаны ұстап тұр
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы әкімдігі мен «Колесников», «Сейдахметов» секілді ірі шаруа қожалықтары арасында бірқатар келісім-шарттар түзілді. Шымкент қаласында форвардтық шарт бойынша көкөніс өнімдері шекті бағаны ұстап тұр. Мемлекет басшысы маусымаралық кезеңде ішкі нарықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін және баға динамикасын тұрақты ұстап тұру мақсатында форвардтық келісім-шарттар түзу тапсырған болатын.

Осыған орай, көктем және жаз айларында көкөніс бағаларын тұрақтандыру мақсатында Шымкент қаласы әкімдігі мен «Колесников», «Сейдахметов» секілді ірі шаруа қожалықтары арасында бірқатар келісім-шарттар түзілді. Атап айтқанда, «Колесников» шаруа қожалығы 120 гектар жерге ерте пісетін картоп сортын егіп, 1000 тоннадан астам көкөніс алуды жоспарлаған. Кәсіпкердің ерте көктемнен басталған еңбегінің арқасында қазір егіс алқабындағы өнім ойдағыдай. Сондықтан картоп бағасын нарықта шекті суммадан асырмау үшін тұрақтандыру қорынан аталған қожалыққа қаражат бөлінді. Осы келісім шартқа сәйкес, шаруа қожалығының өнімдері наурыз, сәуір айларында бір қалыпты бағаны сақтады.

Ал алдағы мамыр, маусым айларында да картоп бағасы осы шектен аспайтын болады. Қазір «Колесников» шаруа қожалығының қоймасында 300 тонна картоп және 150 тонна сәбіз бар, олар өз өнімдерін қалаға жақын орналасқан Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы «Александр бағы» қоймасында сақтап отыр. Шаруа алдағы уақытта көкөніс өнімдерін ұлғайтуды жоспарлауда. Сондай-ақ, келісім шарт негізінде қалада биылғы жылдың наурыз, сәуір, мамыр айларына 1600 тонна картоп, 1100 тонна сәбіз, 1000 тонна пияз, 1100 тонна қырыққабат бекітілген сауда орындары арқылы белгіленген бағада сатылып келеді. Бұдан бөлек, күзде пісетін көкөніс өнімдері бойынша 2 000 тонна көкөніске форвардтық шарт түзіліп, 2023 – 2024 жылдары маусымдық кезеңде нарыққа шығарылатын болады. Жалпы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен көкөністер бағасын бірқалыпты ұстап тұру мақсатында қала әкімдігі алдағы уақытта кәсіпкерлермен бірге арнайы келісім шарт түзуді жалғастыра бермек.

Previous Post

ҚХА ХХХІІ СЕССИЯСЫ: Шымкенттен 21 делегат қатысып жатыр

Next Post

Возле торговых домов Шымкента появятся новые тротуары

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі