13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАРЛЫҚ МЕКТЕПТЕРІНДЕ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ МОНИТОРИНГІ БАСТАЛДЫ

26 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАРЛЫҚ МЕКТЕПТЕРІНДЕ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ МОНИТОРИНГІ БАСТАЛДЫ
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингін өткізу кезінде академиялық адалдық қағидаттарының сақталуын бақылау үшін ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қызметкерлері, Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттері, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы және педагогикалық жоғары оқу орындарының қызметкерлері тартылды. Өткізу форматы халықаралық зерттеулер секілді стандарт бойынша әр аудиторияда тест-әкімшілер болады.

Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету саясаты басқармасының басшысы Динара Әбілқанованың айтуынша, мониторинг функционалдық сауаттылық деңгейін бағалауға және алған білімдерін мектеп қабырғасында және өмірлік жағдайларда қолдана білуге бағытталған.
«Білім сапасы туралы нақты дерек алу үшін көптеген елдер білім алушылардың оқу жетістіктерін ұлттық деңгейде үнемі бағалап отырады. Осылайша, маңызды сұрақтарға жауап алады. Оқыту қаншалықты жүйеленген? Оқушылардың білім алу деңгейі қандай және олар қоғамға енуге қаншалықты дайын? Міне, осы сұрақтарға жауап алу біздің білім беру жүйеміз үшін де маңызды.Тек ББЖМ-нің объективті нәтижелері ғана дұрыс қорытынды жасауға және тиісті шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді», — дейді басқарма басшысы.

Тестілеу мемлекеттік бақылау нысаны емес. Сондай-ақ білім алушы, білім беру ұйымдары үшін де құқықтық салдары жоқ.

ББЖМ-ге 4 және 9 сыныптардан 50 мыңнан астам оқушысы қатысады. 1472 мектепте үш бағыт бойынша компьютерлік кешенді тестілеу түрінде өтеді. Ол оқу, математикалық және жаратылыстану сауаттылығы. Мониторинг 2023 жылғы 26 сәуір мен 11 мамыр аралығында болады.

Осыған байланысты Түркістан облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің мамандары, Арыс, Жетісай, аудандарында орналасқан 9 білім беру ұйымдарына мониторингке қатысып жатыр.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ДЕПАРТАМЕНТ МАМАНДАРЫ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖЕТІСТІГІНЕ МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСЫНА БЕСЕНЕ ҚАТЫСУДА

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ ҰЙЫМДАРЫНДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БАСТЫ НАЗАРДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі