13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЖЕТІСАЙЛЫҚ ОҚУШЫЛАР БІЛІМ МЕН ҚАТАР ӨНЕРДІ ҚАТАР АЛЫП ЖҮР

26 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ЖЕТІСАЙЛЫҚ ОҚУШЫЛАР БІЛІМ МЕН ҚАТАР ӨНЕРДІ ҚАТАР АЛЫП ЖҮР
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жастардың бойындағы мәдениеттілік пен рухани адамгершілікті, білімге деген шығармашылық ізденістерін арттыра отырып олардың танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттерін, сахна мәдениетін, өзін-өзі тану қабілеттерін қалыптастыру мақсатында Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Айбек Сұлтанмұрат бастаған ұжымның ұйымдастыруымен, Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің қолдауымен Түркістан қаласындағы «Фараб» кітапханасында «Рухани төрім – Түркістан» тақырыбында әзіл-fest жайдарман ойындары өтті.

Барлық аудандардың арнаулы орта оқу орындары мен жалпы орта мектептерінен іріктелген 12 құрама команда қатысып, бақ сынасқан әзіл алаңында өнер көрсетуші жастарға республикалық лигаларда өзіндік ойын үлгісімен танылып жүрген азулы жайдарманшылар мен жастардың жанашырлары төрелік жасады.
Ұйымдастырушылардың талаптарына сай қазақы қалжыңнан қуырдақ қуырып, шындықты шымшыма әзілмен әрлеп жеткізе білген жастардың ойындарында еліміздің аз уақыт ішінде қол жеткізген жетістіктерін дәріптеу тақырыптары да ұмыт қалмады.

Әр команда өздерінің жеңіске деген жігерлері мен тынымсыз ізденістерін, тыңғылықты дайындықтарын көрсетіп, киелі шаһар Түркістанның кешегісі мен бүгінін, жаһандану дәуірінің артықшылықтары мен кейбір кемшін тұстарын, бүгінгі ұрпақ тәрбиесінің ақсап тұрған жерлерін астарлы әзіл-қалжыңдарымен көрерменге әсерлі жеткізе білді. Нәтижесінде, ІІІ орынға Кентау қаласының «на Рахате» және Қазығұрт ауданының «18+» командалары табан тіресе, ІІ орын Түркістан қаласының «Түркістан оқушылар сарайы» құрамасына бұйырды. Өтімді әзілдерімен өзгелерден оқ бойы озық шығып, көрермендердің қошеметіне бөленген Түлкібас ауданының «Түлкібас жастары» командасы І орынды қанжығаларына байлап жеңімпаз атанды.
Одан бөлек, Әділет Бақберген, Шыңғысхан Абдулла және Досымжан Сейілхан сынды көрерменнің көзайымына айналған жайдарманшылар «Үздік ойыншы» номинациясына ие болды.

«Жайдарман ойындары жастардың арасында қазақ тілінің дамуы мен жандануына, жастардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыра білулеріне үлкен септігін тигізеді. Жайдарман – жастардың сахна мәдениеті мен топтасып жұмыс жүргізулеріне де оң ықпал етеді» дейді ұйымдастырушылар.
Ойын соңында жеңімпаз атанған командалар Жетісай аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ арнайы кубоктарымен, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Previous Post

ТӨЛЕБИЛІК ОҚУШЫЛАР ОЛИМПИАДАДА ОБЛЫС БОЙЫНША ЕҢ ҮЗДІК КОМАНДА АТАНДЫ

Next Post

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДАҒЫ МЕКТЕПТЕ АЛҒАШҚЫ COWORKING ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі