13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТӨЛЕБИЛІК ОҚУШЫЛАР ОЛИМПИАДАДА ОБЛЫС БОЙЫНША ЕҢ ҮЗДІК КОМАНДА АТАНДЫ

26 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ТӨЛЕБИЛІК ОҚУШЫЛАР ОЛИМПИАДАДА ОБЛЫС БОЙЫНША ЕҢ ҮЗДІК КОМАНДА АТАНДЫ
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен қазақ тілінде, өзге тілде де оқытылатын 7-11 сынып оқушылары арасында өткен «Жарқын болашақ» облыстық олимпиадасына «Бейнелеушілер», «Жас қаламгер», «Білгірлер бәйгесі», «Әнші-бұлбұлдар» бағыттары бойынша қатысқан төлебилік оқушылар Жанерке Махметали, Маржона Рафикжанова, Айғаным Сәрсенбай, Кирилл Пак және Малика Садырбаева аталмыш олимпиаданың ІІ, ІІІ орын иегері атанды.

Байқаудың мақсаты: мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту; қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау; оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту. Қазақ тілінде ән айту, мәнерлеп оқу, қазақ тілі мен қазақ әдебиетін жақсы меңгеру арқылы Қазақстанның болашағы үшін аянбай қызмет ететінін көрсеткен нағыз «Сегіз қырлы, бір сырлы» жастарға ерекше қолдау көрсету болып табылады.Сонымен қатар, қазақ әдебиетіндегі шығармаларды (ертегі, батырлар жырын) жаңа форматта жандандыру, жасөспірімдерді отансүйгіштік рухында тәрбиелеу, жазуға талапты балалардың қабiлет-қарымын ұштау, қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық ізденіске жұмылдыру, оқушылар арасында қазақ тілі мен әдебиетіндегі мақал-мәтелдерді, жұмбақ, жаңылтпаш, ертегі жанрларын жандандыра отырып насихаттау және қазақ тілі жанашырларын, жас буын өкілдерінің арасынан тілді терең меңгергендігін анықтау, оларды таныту.
Олимпиада жалпы білім беретін оқу орындары арасында ұйымдастырылды.
Аталмыш байқау 5 бағыт бойынша өткізілді:

— «Бейнелеушілер» ертегілер мен батырлар жыры бойынша суреттер салды,
— «Жас қаламгерлер» белгілі әңгімелерді өз ойымен жалғастырып жазды, суреттерге қарап, әңгіме құрады,
— «Білгірлер» мақал-мәтел, жұмбақ-жаңылтпаш айтып жарысты,
— «Сөз шеберлері» әдеби тақырып бойынша өз ойларын айтты,
— «Әнші бұлбұлдар» қазақ әндерін нақышына келтіре шырқады.
Ал жалпыкомандалық есеп бойынша Төлеби ауданының оқушылары І орыннан көрініп, ең үздік команда атағына қол жеткізді. Бұл білім алушылар аталған олимпиадаға мұғалімдер Гүлжан Салыбаеваның, Сәуле Адишеваның, Гүлжан Тілеуберлинаның, Раушан Искакованың және Жанар Қалубаеваның жетекшілік етуімен қатысты.

Previous Post

ТӨЛЕБИЛІК ПЕДАГОГТАР ДІНМҰХАММЕД ҚОНАЕВТЫҢ БЮСТІН ЖАСАҒАН

Next Post

ЖЕТІСАЙЛЫҚ ОҚУШЫЛАР БІЛІМ МЕН ҚАТАР ӨНЕРДІ ҚАТАР АЛЫП ЖҮР

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі