13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДАҒЫ МЕКТЕПТЕ АЛҒАШҚЫ COWORKING ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

26 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДАҒЫ МЕКТЕПТЕ АЛҒАШҚЫ COWORKING ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі — білім қазынасы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Кітап дегеніміз — алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті.

Адамды адам еткен кітап, адамзат еткен кітапхана деп Әбіш Кекілбаев айтқандай Жетісай ауданындағы М.Мәметова атындағы №33 жалпы орта мектебінде рухани құндылыққа толы «Coworking» орталығы ашылды.

Аталған шараға Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Шүкірбаева Ғазиза Әлібекқызы арнайы келіп қатысты.

Сонымен қатар, орталықтың ашылуына мектептің қамқоршылық кеңесінің төрағасы Айтөре Архабаев, ата-аналар комитетінің төрайымы Шара Иманбердиевалар қатысып, өздерінің ыстық лебіздерін білдіріп, аталған бастаманың рухани азық алатын өскелең ұрпақты кітап оқуға баулудың таптырмас жолы деп сөздерін қорытындылады.

«Білім беру ұйымдарының кітапханаларында «Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» республикалық жобасы аясында «Coworking» бұрыштары осы уақытқа дейін 72 мектепте ұйымдастырылған болатын. Аталған орталық тың идеялы, алдына мақсат қоя білетін жастардың өсуіне, ой-өрісін дамытуына септігін тигізері сөзсіз. Білімді жастарымыз көп болсын. Осы орталықтың ашылуына демеушілік жасаған азаматтарға алғысымыз шексіз»,- деді ол.

Осындай орталықтар алдағы уақытта ауданның басқа да білім ұйымдарында ашу жоспарланған. Мектеп жұмысына ризашылығын білдірген бөлім басшысы Ғазиза Әлібекқызы өзінің бала күнінде ақиық ақын Мұхтар Шахановтың Әл-Фарабидің бала күні туралы өлеңін жатқа айтып, балалардың оқуға деген ықыласын, ұстаздардың еңбекке құлшынысын арттыратын ой түрткі салып кетті.

Мектептің бастауыш сынып балғындары өздерінің кітап оқуға құштарлығы және шахмат ойынын меңгеруі, түрлі танымдық құрастыру құрылғыларымен жұмысын көрсетіп, өрендер өлеңдерін арнады. Сабақ барысында әрбір сынып бөлмелерінің заманауи ақпараттарға, білімге арналған түрлі формадағы көрнекіліктерге бай кабинеттердің жұмысымен бөлім басшысы танысып шықты.

Previous Post

ЖЕТІСАЙЛЫҚ ОҚУШЫЛАР БІЛІМ МЕН ҚАТАР ӨНЕРДІ ҚАТАР АЛЫП ЖҮР

Next Post

Шымкент: Жылжымайтын мүлік желісі бойынша жүргізілетін жұмыстар мерзімі қысқартылды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі