13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШАРДАРА: ХИМИЯ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН СЕМИНАР ӨТТІ

19 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ШАРДАРА: ХИМИЯ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН СЕМИНАР ӨТТІ
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Шардара ауданының білім бөліміне қарасты «Ұзыната» жалпы орта мектебінде «Тәжірибе алмасу шеберлікті шыңдау баспалдағы» атты тақырыпта аудандық семинар өтті.

Семинар мақсаты — білім мазмұнын іске асыруда білім алушылардың сабақ үстіндегі іс-әрекетін бақылау, қалыптастырушы бағалауда бағалау үдерісін жүзеге асыру, пән мұғалімдері өзара тәжірибе алмасу болып табылады. Сондай-ақ, білім алушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру, мұғалімдердің бір-бірімен ой бөлісуіне, пікір алмасуына, ынтымақтастық қарым-қатынас орнату.

Химия және биология сабағында оқушыларға функционалдық сауаттылық дағдыларын тапсырмалармен арттырып, өмірде қолдануға ықпал жасау.
Семинар барысында Н.Утемисова мен Г.Искакова 7-10 сыныпқа ашық сабақтар жүргізсе, 12 зертханалық жұмыстарды 8-9 сынып оқушылары («Жанатын көбік», «Индикатор арқылы ортаны анықтау», «Шырпысыз от», «Хамелеон», «Лава тәжірибесі», «Үрленген шар», «Жанар тау», «Жылан тәжірибесі»), 6 практикалық тапсырмалар («Кола мен сүттің ашу процесі», «Банан жасушасынан ДНҚ бөліп алу», «Картоптан қалай крахмал алуға болады?», «Жеміс-жидектер мен көкөністердің құрамындағы С дәруменін анықтау») Р.Оразбаева, Ж.Исмайлова, Г.Аубакирова көрсетсе, мұғалімдер арасында «Химия және биология сабақтарында функционалдық сауаттылық дағдыларын арттыру» тақырыптарында Ш.Толшыбекова, Б. Таңжарова, З.Иманбаева, коучинг, тренинг сабақтар және биологиялық көрме ұйымдастырылып өткізілді. Барлық қатысушы 38 мұғалім ашық сабақтарға кері байланыс жасап, өз ойларын айтып, әдіс алмасып, тәжірибелерімен бөлісті.Практикалық бөлімде мұғалімдер үшін коучинг ұйымдастырылды, ол жемісті өтті. Коучинг барысында алған ақпаратты мұғалімдер өз сабақтарында пайдалана алады.

Previous Post

Ұлттық жоба: Шымкентте тұрғын үйлерді пайдалануға беру индикаторы бекітілді

Next Post

Қазақстанның ғылым саласын дамытуда Түркістан облысының үлесі артып келеді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі