13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ұлттық жоба: Шымкентте тұрғын үйлерді пайдалануға беру индикаторы бекітілді

19 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
Ұлттық жоба: Шымкентте тұрғын үйлерді пайдалануға беру индикаторы бекітілді
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының негізінде тұрғын үйлердің жалпы аумағын ұлғайту мақсатында тұрғын үйлерді пайдалануға тапсыру жоспары бекітілді. Ал, оның орындалуын қадағалау басқармаға жүктелген. Бұл тұрғын үйлердің басым бөлігі қаланың аумақтардың егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына сәйкес, солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан ШымСити, Тұран, Әкімшілік іскерлік орталығы, Бозарық шағын аудандарында орналасатын көпқабатты тұрғын үйлер есебінен жоспарлануда.

Айта кетейік, Шымкентте тозығы жеткен тұрғын үйлер мәселесін шешу мақсатында алғаш рет реновациялау бағдарламасы іске қосылуда. Қазір бағдарламаны жүзеге асыру үшін арнайы штаб құрылды. Қала аумағындағы жөндеуді қажет ететін тұрғын үйлерге мониторинг жүргізіліп, бағдарламаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жаңа бағдарлама қаланың сәулеттік келбетіне кері әсер ететін ескірген ғимараттарды жойып, мегаполистің сәулеттік ерекшелігіне сай зәулім үйлер қатарын арттыру үшін қолға алынып отыр. Бағдарлама шартына сәйкес, құрылыс жұмыстары меншік иелерінің келісімі бойынша жүргізіледі. Меншік иелеріне құрылыс кезеңінде уақытша баспана немесе пәтер жалдау үшін ақшалай өтемақы беріледі.

Қазіргі таңда Республика даңғылы-Гагарин-Павлов-Исмаилов-Сеченов -Алпысбаев-Қалдаяқов көшелерінің шекарасындағы 350 гектарға егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының сметалық құжаттамасын мәслихат талқылауына ұсыну жоспарлануда. Жобадағы тұрғын үйлер қабатының өзгеруіне байланысты халық саны және оларға қажетті әлеуметтік, инженерлік, көлік инфрақұрылымы қайта қаралуы қажет. Сондай-ақ қазір 46 тозығы жеткен және апатты тұрғын үйлер аумағына жобалау-ізденіс жұмыстары туралы қала әкімдігінің қаулысын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мұрат Дүйсенбекұлы тиісті басқарма басшыларына тұрғын үйлердің және қоныстанатын халықтың тығыздылығын зерделеуді, бір аптада бағдарламаны бюджет арқылы іске асыру жолдарын қарастыруды тапсырды.

Еске салсақ, биыл Шымкентте 73 азамат қайтарымсыз тұрғын үй сертификаты арқылы баспаналы болды. Оның ішінде көпбалалы отбасылар-17, ерекше бала асыраушы отбасылар – 54, толық емес отбасылар саны- 2. Қазіргі таңда тұрғын үй сертификатына өтінімдер қабылдау жүргізілуде.

Қайтарымсыз 1 млн. теңге әлеуметтік көмек ретінде өтініш берушінің және отбасы мүшелерінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен соңғы 6 ай ішінде орташа табысы 125 757 теңгеден аспаған жағдайда беріледі. Зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы және өзге де міндетті аударымдар есептелмейді.
Сертификатқа «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие негізінде «2-10-20», «5-10-20» бағыттары шеңберінде тұрғын үй алған азаматтар банктен мақұлдау алғаннан кейін ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу барысында өтінім жолдай алады.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: ПОЛИЦИЯ МОДЕЛІ ӨЗ ЖЕМІСІН БЕРДІ

Next Post

ШАРДАРА: ХИМИЯ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН СЕМИНАР ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі