13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ПОЛИЦИЯ МОДЕЛІ ӨЗ ЖЕМІСІН БЕРДІ

19 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: ПОЛИЦИЯ МОДЕЛІ ӨЗ ЖЕМІСІН БЕРДІ
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ел Президенті Қ.Тоқаевтың халыққа Жолдауында атап өткендей, полиция қызметінің сервистік модельге көшуі – басым бағыттардың бірі. Үшінші мегаполисте Президент тапсырмасы аясында халыққа сапалы қызмет көрсетуге және қауіпсіздік мәселелерін қоғаммен өзара серіктестікте шешуге баса көңіл бөлініп отыр.

Шымкент қаласында сервистік полиция моделі кезеңімен жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, бірінші кезеңде қала әкімінің өкімімен ведомствоаралық топ құрылды. Топ құрамына полиция өкілдері, білім, денсаулық басқармалары, әлеуметтік қорғау, әкімдік, прокуратура өкілдері енгізілді. Пилоттық жоба ретінде криминогендік ахуалы күрделі аумақ ретінде Әл-Фараби ауданы таңдалды. Жаңа жобамен жұмыс істеуде
ҚР Ішкі істер министрлігінің тарапынан және ОБЭСЕ өкілдері арнайы сабақ өткізді.

Екінші кезеңде, ведомствоаралық топ Әл-Фараби ауданы бойынша анализ жасап, мәліметтер жинақтады, халық арасында сауалнама жүргізіп, проблемаларды талдау, азаматтар мен полиция және басқа да мемлекеттік органдар арасындағы қарым-қатынастың жағдайын зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Үшінші кезеңде, қауіпсіздік мәселелерін жою бойынша ұсыныстар әзірленіп, мемлекеттік органдар мен басқа да мүдделі тараптар арасында жоспар түзіліп, қоғамдық қауіпсіздік бойынша бірлескен іс-шаралар атқарылды. Қорытындысында жобаның шарттары дайындалып, қаланың барлық аймақтарына таратылады. Әл-Фараби ауданында жаңа жүйедегі жұмыс нәтижесінде 2022 жылы тіркелген қылмыстар саны 48,4%-ға (225-тен 116-ға) төмендеді. Оның ішінде ұрлық (188-бап) 47,8%-ға (97-ден 52-ге), есірткіге қатысты қылмыстар (296-бап) 45,8%-ға (24-тен 13-ке) азайды.

Алдағы уақытта, сервистік полиция моделін қала бойынша енгізіледі. Осының аясында «Халық – әкімдік – полиция», «Жұртқа жақын полиция» қағидаттары бойынша бірлескен жұмыстар атқарылатын болады.

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ "БИЗНЕС БАСТАУ" ЖОБАСЫ ӨЗ ЖЕМІСІН БЕРУДЕ

Next Post

Ұлттық жоба: Шымкентте тұрғын үйлерді пайдалануға беру индикаторы бекітілді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі