13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстанның ғылым саласын дамытуда Түркістан облысының үлесі артып келеді

19 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
Қазақстанның ғылым саласын дамытуда Түркістан облысының үлесі артып келеді
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінгі өркениет өлшемі – ғылым мен білімнің даму көрсеткішіне байланысты. Қазір елімізде өркениет көшінен қалмай білім мен ғылым саласын дамытуға баса назар аударылып отыр. Мемлекет басшысының қолдауымен ғылым саласында соңғы жылдары бірқатар өзгеріс орын алды. Атап айтсақ, ғалымдардың жалақысы, жас ғалымдарды қолдау шаралары көбейді, сондай-ақ отандық ғылым саласын дамытуға бөлінетін қаражат көлемі де артты.

Отандық ғылым саласы қалай дамып жатыр? Жас ғалымдарды қолдау мақсатында қандай шаралар қолға алынды? Жалпы еліміздегі ғылым саласының дамуы жөнінде ҚазАқпарат сарапшысының материалынан оқи аласыздар.Қазақ ғылымы дамуының негізгі күші – ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындары. Қазіргі таңда Қазақстанда ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын 396 ұйым бар. ҚР Білім және ғылым министрлігінің жетекшілігімен еліміздегі оқу орындары жанынан ғылыми-зерттеу орталықтарының құрылуы да отандық ғылымның ілгерілеуіне өзіндік үлесін қосуда. ҚР Ғылым қоры желісі бойынша 2016 жылдан бастап ғылыми қызмет нәтижелері коммерцияландырылатын 151 жоба қаржыландырылады. Бүгінде 120-ден астам жоба сату кезеңіне шықты. Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, ғылым саласында қазіргі таңда 22 665 ғалым мен зерттеуші жұмыс істейді, олардың 35%-ының ғылыми немесе академиялық дәрежесі бар. Сондай-ақ ғылымға қызығушы азаматтарымыздың магистратура мен докторантурада өз білімдерін шыңдауы үшін және шет мемлекеттерде тағылымдамадан өтуі үшін арнайы гранттар да бөлінуде. Соңғы жылдары гранттардың саны өсумен қатар оларға берілетін стипендияның көлемі де айтарлықтай ұлғайып отыр. Мысалы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің дерегінше, 2021-2022 оқу жылында мемлекеттік тапсырыс бойынша магистратураға – 13 263, докторантураға – 1 890 грант бөлінген.

Магистратура мен докторантураға гранттар бөлудің нәтижесінде елімізде жас ғалымдардың саны артып келеді. Бұл ғылымдағы буындар арасындағы байланыстың нығаюын қамтамасыз етіп, ғылым саласының болашағына салынған инвестицияға айналды деуге болады.

Статистикалық деректерге сүйенсек, Қазақстанда ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға ішкі шығындар 2017 жылдан бері айтарлықтай өскен. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-талдамалық жүйесіне сүйенсек, 2017 жылы осы мақсатта жұмсалған қаражат көлемі 540 373, 6 мың теңге болса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 713 553,9 мың теңгені құраған екен. Ал 2020-2023 аралығында бұл көрсеткіш тағыда өскен.

Айта өтсек, отандық ғылым саласын дамытуда Түркістан облысының үлесіде артып келеді. Есте болса өткен жыл соңында Төлеби ауданындағы Ш.Уәлиханов атындағы №2 жалпы орта мектептің 9-сынып оқушысы Жансұлтан Төребек информатика пәнінің мұғалімі Лаура Жақсыбекованың көмегімен «Асылбек» есімді қымыз құятын робот жасап шыққан болатын. Бізге белгілі ақпарат бойынша, кез келген адам бұл роботқа арнайы пластикалық картаны жақындату арқылы Асылбекті сөйлете бастайды. Содан кейін робот қымыздың шипалы қасиеті туралы қысқаша мағлұмат береді әрі ыдысқа пайдалы сусын құяды.

Previous Post

ШАРДАРА: ХИМИЯ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН СЕМИНАР ӨТТІ

Next Post

Түркістан облысы: Шардаралық ұстаздар логикалық және олимпиадалық есептерді шешудің оңай жолдарын үйренді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі