13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысы: Шардаралық ұстаздар логикалық және олимпиадалық есептерді шешудің оңай жолдарын үйренді

19 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысы: Шардаралық ұстаздар логикалық және олимпиадалық есептерді шешудің оңай жолдарын үйренді
Share on FacebookShare on Twitter

Шардара аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен, Елімізге танымал математик, «Алтын сақа», «Алтын түлек» және «Алтын тұғыр» олимпиадаларының авторы, «Зерделі » ақыл- ой дамыту мектебінің негізін қалаушы Ырысбек Мәуітұлы Шардара аудан мұғалімдері және оқушыларына семинар өткізді. Семинарға 100-ден аса мұғалім 80 шақты оқушылар қатыстырылды.

Семинардың басты мақсаты мұғалімдерге арналған кездесу- логикалық және олимпиадалық есептерді шешудің оңай жолдарын үйретуге, болашақ түлектермен кездесу- мамандық таңдап, грант ұтудағы кәсіби бағдар беруге арналды.

Логикалық есептерді ойлап шығарудың әдіс-тәсілдері оқушының ақыл ойын тәртіпке келтіреді. Логикалық ойлауға үйретеді. Әсіресе, логикалық есептерді шығару – баланың ой-өрісін дамытатын негізгі құрал.Логикалық ойлау тек бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасады және бала ойлауы дамуының жоғарғы сатысы болып табылады. Бұл сатыға жету – ұзақ және күрделі процесс, толыққанды логикалық ойлауды дамыту ақыл-ой қызметінің белсенділігін талап етіп қоймайды, сонымен қатар заттар мен құбылыстардың жалпы және жекелеген белгілері туралы негізгі білімі болуын қажет етеді.

Көптеген психологиялық зерттеулер көрсеткендей баланың логикалық ойлау мәдениетін дамытуды оның тұлғалық қалыптасуының барлық кезеңдерінде жүзеге асыру қажет. Мектепке дейінгі кезеңмен салыстырғанда мектеп жасындағы балалардың логикалық ойлауын дамыту ерекше көңіл бөлуді талап етеді.
Оқыту есептерін шешу барысында, психологияда белгілі ойлаудың жалпы белгілерін нақтылағанда, мынадай ой икемділіктерін сипаттауға болады:

-есептерді шешудің бір тәсілінен екінші тәсіліне тез өте алу
-есептің бірнеше шешімін табу іскерліктері;
-шығарылған есептердің негізінде құрылған жаңа есептерді шешудің тәсілдерін қайта құрастыру;
-есептерді шешудің дәстүрлі емес тәсілдерін таба білу
-стандарт емес есептерді шешу тәсілдерін таба білу іскерліктері.

Логикалық білім мен дағдыларды қалыптастыруға барлық сабақтардың үлесі бар, олардың ішінде математика сабағының ара салмағы үлкен. Логика дұрыс ойлаудың заңдары мен жүйелі де дәлелді түрде пайымдауға қойылатын талаптар туралы ғылым. Анықтама, дәлелдеме, пайымдау, жіктеу-саралау сияқты және тағы басқа логикалық амалдарды әрбір оқушы өзінің ойлау қызметінде қолданып отырады.

Семинар барысында Ырысбек Мәуітұлы мұғалімдер мен оқушыларға математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге бағытталған тапсырмалардың ерекшеліктерін керекті әдістерін ортаға салды.

Previous Post

Қазақстанның ғылым саласын дамытуда Түркістан облысының үлесі артып келеді

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ТӨЛЕБИЛІК ЖАС ӨНЕРТАПҚЫШТЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖОБАСЫ ТАНЫМАЛДЫЛЫҚҚА ИЕ БОЛУДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі