13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮЛКІБАС: ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

19 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮЛКІБАС: ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болуы үшін білімді ұрпақ болуы шарт. Ол үшін бар ғұмырын жауапкершілігі мықты салаға арнаған білікті ұстаздарымызға артылар жүк ауыр болмақ. Бұл бағытта ұстаздардың біліктілігін арттырып, білімін жетілдіруі, білім беру жүйесінің озық тәжірибелерін жетік меңгеруі аса маңызды.

Жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып, мұғалімдердің білімі мен дағдыларын жетілдіру мақсатында Түлкібас ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Г.Оразбаеваның ұйымдастыруымен Ш.Мұратаза атындағы шағын жинақты мектеп — гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен аудандық семинар болып өтті. Семинар «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқу мақсатына жету жолында оқушылардың белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру» тақырыбына бағытталды. Аудандық семинарға барлық білім беру ұйымдарынан жас мамандар, ұстаздар қатысты.

Іс шараның басты мақсаты білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс — тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру. Кәсіби білім, білік, дағдыны дамыту, педагогтың жалпы мәдени дамуын, оның тұлғалық көзқарасын және кәсіби маңызды сапаларын жетілдіру. Сонымен қатар, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, оқыту мен оқу үдерісінде қалыптастырушы мақсатты бағалау критерилері мен дискрипторларды қолдану арқылы өзара тәжірибе алмасу.

Топ-топқа бөлінген ұстаздар коучингтер мен ашық сабақтарға қатысты. Әрбір сабақтарда қолданылған жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі жайында ойларымен бөлісіп, кәсіби шеберліктерін арттырды.

Іс-шара соңында пән мұғалімдері өз ұсыныстарын айтып, әр сабаққа кері байланыс берілді және оқушылардың белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру мақсатында жұмысты жүйелі жүргізу қажет екендігін, функционалдық сауаттылыққа бағытталған тапсырмаларды күнделікті орындату керектігі туралы айтылды.

Previous Post

ОРДАБАСЫ: АУДАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Next Post

ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ БАСТАУ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТУРНИРІНДЕ БАҚ СЫНАСТЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі