13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ БАСТАУ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТУРНИРІНДЕ БАҚ СЫНАСТЫ

19 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ БАСТАУ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТУРНИРІНДЕ БАҚ СЫНАСТЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты жалпы білім беру ұйымдарының 2-4 сынып оқушылар арасында Қазақстан Республикасының 2020-2025 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағларламасын іске асыру мақсатында Отырар аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Бастау» Республикалық турнирінің аудандық іріктеу кезеңі болып өтті. Турнирге 34 мектептен 218 оқушы қатысты. Турнирдің мақсаты — математикалық қабілеті айқын білінген дарынды бастауыш мектеп оқушыларын дамыту және қолдау көрсету. Турнирдің негізгі міндеттері:

– математика саласында дарынды бастауыш сынып оқушыларының қызығушылықтарына қарай шығармашылық қарым-қатынас үшін арнайы командалық жарыс түрінде жағдай туғызу;
– республикалық дарынды бастауыш сынып оқушыларының ішінен математика пәні бойынша олимпиадалық құраманы қалыптастыру;
– бастауыш сынып оқушыларының жеке және командалық жарыстарға қатысу дағдыларын дамыту;
– бастауыш сынып оқушыларының танымдық және шығармашылық белсенділіктерін ынталандыру, математика пәні бойынша бастауыш сынып оқушыларының білімдерін тереңдету және кеңейту.Турнир үш айналымда өткізілді:

1. «Әу Баста» — бұл командалық ойын, қатысушылар математикалық есептерді бірлесіп талқыға салып шешіп, жауапкершілік сезімдерін дамытады, өйткені команданың жетістігі әрбір қатысушының жұмысты қалай орындағанына байланысты.

2.«Асық» — қатысушылар үшін математикалық ойлауды көрсете алатын және стандартты емес жағдайларда білім қолданатын қызықты байқау. Әрбір тапсырма қазылар алқасы мүшелерімен талқыланады, қателіктер мен кемшіліктер көрсетіліп, ең жақсы шешім көрсетіледі.

3. «Математикалық бәйге» — ауызша-жекелей олимпиада, онда барлық қатысушылар сынып бойынша жеке қатысады және олардың әрқайсысы ұсынылған тапсырмаларды шешуді ауызша түрде қазылар алқасы мүшелеріне талқылап түсіндіреді.

Турнирдің негізгі міндеттерінің бірі бастауыш сынып оқушыларының танымдық және шығармашылық белсенділіктерін ынталандыру, оқушылардың білімдерін тереңдету және кеңейту мақсатында » Әу — баста!» және » Математикалық бәйге» кезеңдерінен өтіп, байқауда терең білімділік танытқан оқушыларды аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Р. Есенәлі дипломдармен марапаттады.

Previous Post

ТҮЛКІБАС: ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Next Post

В Шымкенте положат асфальт на 70 улицах города

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі