13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ОРДАБАСЫ: АУДАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

19 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ОРДАБАСЫ: АУДАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы білім ұйымдастыруымен «Темірлан» жалпы орта мектебінде «Теріс пиғылды діни ағым және ұрпақ тәрбиесі» тақырыбында аудандық тәжірибелік семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты: мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының кәсіби шеберлігін жетілдіру, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету және діни экстермизм және кереғар діни ағымдар мен секталар іс-әрекеттерінің алдын алу.

Семинарды аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Мұратбек Ұлтусын Құлбекқызы және мектеп директоры Қырыбаев Манап ашып, тәрбие жұмысын жүргізуде үнемі ізденіс керек екенін, оқушылардың бүгінгі күні мінез-құлқының түрліше өзгеріп отыратынын және соған орай, заман талабына сәйкес ата-ана, мектеп, бала арасындағы ынтымақтастықты дұрыс қалыптастыра отырып жоспарлы жұмыс жүргізу керекетігін, ұстаздардың бір-бірінен осындай семинарлар арқылы тәжірибе алмасып, өзекті мәселелерді ортаға салып шешу жолдарын қарастыру, іздеу өмір талабы екенін тілге тиек етіп, Жаңа Қазақстанның жас ұрпағын тәрбиелеуде бірлесіп жұмыс жүргізуге шақырды.

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Аханова Зүлфия, Саяхова Мөлдір семинарға қатысушыларды оқушылар қолымен жасалған көрмемен және бағдарлама бойынша жүргізілетін жұмыстармен таныстырды. «Темірлан» жалпы орта мектебінің ұстаздары тәрбиенің қызықты формаларымен, әдіс-тәсілдерін ұтымды қолдана отырып тәжірибелік жұмыстарын көрсетті.
Одан өзге, сыныптарда «Жат ағым жарға жығады», «Теріс діни ағымдардың алдын алу», «Дін тәрбие көзі», «Діни сауаттылық-қоғамның негізгі тірегі», «Абайдан асқан діншіл жоқ, Шәкәрім оның жалғасы», «Дін мен салттың сабақтастығы» тақырыптарында дөңгелек үстел, ток-шоу, танымдық сабақ, тәрбие сағаттарын өткізді.

Барлық сабақтарға ата-аналар мен қоғамдық ұйым өкілдері және аудан бойынша 53 жалпы орта мектептің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Previous Post

МАҚТААРАЛДА ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Next Post

ТҮЛКІБАС: ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі