13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте республикалық форум өтеді

24 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте республикалық форум өтеді
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Форум Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде өткізіледі. иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден Шымкент қаласында «Тарихи тұлғалар: Ұлттық тәрбие және сабақтастық» атты республикалық форум өтеді. Үшінші мегаполис ұлттық таным тұрғысынан орны бөлек шаһар екені белгілі. Тарихи өзегін, салт-сана сабақтастығын, тәрбие мәнін сақтап қалған, құндылықтарын мыңжылдықтар бойы өрістетіп отырған Шымқаланың бүгінгі және келер ұрпаққа берері де мол.

Осы ретте Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Шымкенттің ұлт ұйыстырудағы орны мен рөлін айшықтайтын бастама көтерді. Республикадағы жоғары оқу орындарының әлеуметтік және тәрбие істері бойынша проректорлары, студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының өкілдері 27-28 сәуір күндері «Тарихи тұлғалар: Ұлттық тәрбие және сабақтастық» республикалық форум аясында бас қосатын болады. Тәрбие мен білім егіз ұғым екені ескеріліп, форум жұмысы 85 жылдық тарихы бар, өңір ұстаздарының қарашаңырағы – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде өткізу жоспарланып отыр. Шымкентте өтетін келелі жиында еліміздің барлық өңірінен келген ғалымдар, ұлт зиялылары, белсенді жастар ұлттық тәрбие желісін жаңғырту, тұлғатану ілімін жетілдіру, тарихи сананы ояту, ұлт құндылықтарын біріздендіру, халықтық мәдени танымды ілгерілету, ұлттық педагогиканың өрісін кеңейту мәселелерін талқылап, таразылайтын болады.

Айта кетейік, Шымкентте Манап Өтебайұлының туғанына 85 жыл толуына орай, «Дәстүрлі тәрбие – сапалы білім» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Аталған жиында арнайы шақырылған қызы Гүлнар Манапқызы сөз сөйлеп, қонақтарға М.Өтебайұлы туралы естеліктерімен бөлісіп, колледж алдындағы ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Іс-шара барысында аптал азаматтың өмірі мен өнегесін, жастарды тәрбиелеудегі орнын кейінгі ұрпаққа кеңінен насихаттап, ұстаздық жолы мен түрлі салалар бойынша атқарған жұмыстары еске алынды.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: "Жайлы мектеп" жобасы нәтижесін беруде

Next Post

Шымкентте бітіруші түлектерге арналған «Болашаққа қадам» жобасы өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі