13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «Жайлы мектеп» жобасы нәтижесін беруде

24 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «Жайлы мектеп» жобасы нәтижесін беруде
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы жолдауында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады. Жалпы, мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек. Жемқорлар сотталғанда, олардың заңсыз тапқан қаржысы мемлекетке өтіп, түгелдей мектеп құрылысына жұмсалуға тиіс. Үкімет осы бастаманы заң тұрғысынан рәсімдеу туралы шешім қабылдауы керек» екендігін жеткізген.

Бұрындары «Жүз мектеп, жүз аурухана» сияқты мемлекеттік бағдарлама жүзеге асқан болса, енді Жайлы мектеп жобасы қолға алынды. Бұл жобаның ерекшелігін аңғармаған адамдарға Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында «Жоба өзінің ауқымы мен өзектілігі жағынан ерекше. Сондай-ақ оған ұқсас ешқандай жоба жоқ екенін атап өткім келеді. Ең бастысы, ол толығымен республикалық бюджеттен қаржыландырылған» деп жазба қалдырған.

Білім саласы осы жылдар ішінде бірнеше реформаны бастан өткерді. Оның арасында табысты жүзеге асқандары да, маңдайы тасқа тигендері де бар. Демографияның, ауылдан қалаға қоныс аударушылардың саны күн санап артқан соң жіті үш ауысымдық мектептер мәселесі ушығып кетті. Бұл туралы Президент Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысында:
– Өкінішке қарай, бүгінге дейін көп талқыланғанына қарамастан, үш ауысымды, апатты, ескі мектептер мәселесі шешілген жоқ. Сондықтан осы ұлттық жобаның жүзеге асырылуы Үкіметтің де, жергілікті атқарушы органдардың да ерекше бақылауында болуға тиіс. Үкімет пен Есеп комитеті әрбір теңгенің көзделген мақсатқа жұмсалуын қамтамасыз етуі қажет. Әкімдер жыл соңына дейін жер, инфрақұрылым жөніндегі барлық мәселені шешуі керек. Мұнда еш ақталудың реті жоқ. Сондықтан өңір басшыларының жеке жауапкершілігін күшейту жөніндегі ұсынысты қолдаймын. Құрылысы 2023 жылы басталуға тиіс мектептер үшін жер учаскелерін бөлу және инфрақұрылымға қосу жөніндегі барлық мәселе бір ай ішінде шешілуі керек. Қалғандары жыл соңына дейін. Үкіметке әрбір өңірдің осындай міндеттемелерін айқындап, олардың орындалуын бақылауды тапсырамын, – деді.

Дегенмен биыл 300 және 2500 орындық мектептер салу жоспарда аясында облыс аумағында 2023-2025 жылдар аралығында 86 мектептің құрылысын салу ұсынылды. Сексен алты білім ордасының құрылысы салынған жағдайда облыста 64 300 орынмен оқушы қамтылатын болады. Нәтижесінде екі ауысымда 128 600 оқушының білім алуына жағдай жасалатындығы анық. Биыл облыста төрт апатты мектептің құрылысы басталып, ағымдағы жылдың соңына дейін 2 апатты мектеп пайдалануға беріледі.

Осы кезде облыста жалпы 1406 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс жасауда (267- мемлекеттік, 1007- жекеменшік, 86 – мектеп жанындағы шағын орталық). Жалпы мектепке дейінгі ұйымдардың үлесінің 74,0% жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар құрайды. ҚР Премьер-Министрі мен облыс әкімі арасында түзілген меморандумда 2022 жылы 3-6 жастағы балаларды толық жүз пайыз қамту қарастырылған. Жаңа оқу жылында 961 орта білім беру ұйымында (905-мемлекеттік, 56-жекеменшік) 511158 оқушы оқитындығы болжануда. Биылғы бірінші сыныпқа 54570 оқушыны қабылдау жоспарланған. Орта білім беру ұйымдарының білім сапасын арттыру мақсатында толыққанды оқу процесіне қажетті барлық функциялардың жиынтығы бар бірыңғай нтеграцияланған «Bilim Land» білім беру онлайн платформасы арқылы жүргізілуде. Барлық орта білім беру ұйымдары «BilimLand» білім беру платформасына толық қосылды. 2022-2023 оқу жылына оқулықтар сатып алуға және тасымалдауға 5 млрд теңге қаржы бөлінген болатын. 2022-2023 оқу жылына 2-сыныптың оқулықтарын қайта басып шығару және 7-сынып үшін «Физика», «Химия», «Биология» қостілді оқулықтары мен 5-11 сыныптар үшін «Абайтану» оқулықтары, арнайы коррекциялық мектептердің 8-9 сыныптарына арналған оқу әдебиеттері сатып алынуда. Облыс бойынша 2025 жылға дейін 324 мектепті жаңғырту шеңберінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 324 мектептің кітапханаларын жаңғырту (материалдық-техникалық қамтамасыз ету, кітапханалардың қазіргі заманғы интерьерін жасау) жоспарлануда.
Арыс, Созақ, Сауран, Сарыағаш және Отырар аудандарында оқушылар үйлерін ашып, оқушыларды үйірмемен қамту қажеттігі туындаған.

Осы аралықта 118 білім беру ұйымдарының басшыларының бос лауазымына конкурс жарияланып, 37-сі (31%) байқаудан өтіп, білім беру ұйымына тағайындалды. Биыл 224 білім беру ұйымының басшылары ротацияланды. Барлық білім беру ұйымдарына педагогтер жұмысқа қабылдауы jumys.snation.kz жүйесі арқылы жүргізілуде. Осы қызметі арқылы бес мыңға жуық бос жұмыс орындары жарияланса, 1600 педагог, 157 лаборант, 2724 тех персонал, 394 орындаушы жұмысқа орналастырылды.
Айта кетсек, биыл 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап балабақша тәрбиешілерінің, мектептер мен колледж педагогтерінің, сондай-ақ, қосымша білім беру жүйесі мамандарының жалақысы 25 пайызға өсетінін мәлімдеген болатын. Биылғы жылдан бастап университет студенттерінің шәкіртақысы 20 пайызға, ал магистранттар мен докторанттарға арналған шәкіртақы көлемі 15 пайызға өсетін болды.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: Мерзімді қызметтегі сарбаздар әскери борышын аяқтады

Next Post

Шымкентте республикалық форум өтеді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі