13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте бітіруші түлектерге арналған «Болашаққа қадам» жобасы өтті

24 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте бітіруші түлектерге арналған «Болашаққа қадам» жобасы өтті
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жобаға №87 жалпы орта білім беретін мектептің бітіруші сынып оқушылары қатысып, №1 Мамандырылған өрт сөндіру бекетіне экскурсия жасады. Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жалпы орта білім беру мектебінің бітіруші түлектеріне кәсіби бағдар беруге бағытталған «Болашаққа қадам» жобасы өтті. Аталған шараның мақсаты — оқушыларды мамандықтар туралы түсінікпен ақпараттандыру және кәсіптік қызығушылын арттырып, қабілеттілігін қалыптастыру. Жобаға №87 жалпы орта білім беретін мектептің бітіруші сынып оқушылары қатысып, №1 Мамандырылған өрт сөндіру бекетіне экскурсия жасады.
Оқушылар экскурсия барысында өрт сөндіру құралдарының қызметімен толық танысып, практикалық тәжірибеден өтті. Одан бөлек, қаламыздағы бітіруші мектеп оқушылары түзілген кесте бойынша түрлі кәсіпорындарға экскурсия жасауда. Атап айтсақ, «Birgemiz — Asylmura» жалпы ұлттық жобасы аясында «Al-Farabi academialiq» мектебінің оқушылары Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрына экскурсия жасады. Айта кетейік, Қаратау ауданы жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған «Мобильді топ» пен Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы қызметкерлері бірлесіп, Орталық Азия Инновациялық университет жастарына мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау бойынша кездесу өткізді.
Аталған кездесу мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау, жастарды кәсіпкерлік саласындағы мүмкіндіктерден хабардар ету арқылы дұрыс мамандық таңдауларына бағыт-бағдар көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Кездесу барысында студенттерге жұмыспен қамтудың белсенді шаралары мен 2,5% пайыздық жеңілдетілген несие бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, жас мамандарға арналған «Алғашқы жұмыс орны», «Жастар практикасы», «Ұрпақтар келісім-шарты» бағдарламалары бойынша кеңінен түсіндірілді. Кездесу соңында мамандар студенттердің жұмыспен қамту шараларына қатысты сұрақтарына жауап берді.

Previous Post

Шымкентте республикалық форум өтеді

Next Post

САЙРАМ АУДАНЫ: КОЛЛЕДЖДЕ ОҚУ МЕРЗІМІ ҚЫСҚАРМАҚ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі