13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысы полицейлері құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсірген ауыл тұрғынын ұстады

9 сентября, 2020
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысы полицейлері құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсірген ауыл тұрғынын ұстады
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткі егілген ауланы тауып, күдіктіні құрықтады. Нақтырақ айтсақ, полиция бөліміне Кентау ПБ-нің ЖПҚ УПИ полиция капитаны Бақтияр Журабаевтан Ескі Иқан ауылында жергілікті тұрғынның бірі ауласында сора өсірумен айналысатыны туралы хабарлама келіп түсті.

Аталған хабарлама бойынша жедел-тергеу тобы толық құрамда шығып, іздестіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шаралар нәтижесінде полиция қызметкерлері тұрғынның бақшасынан егіліп, күтіп-бапталған құрамында есірткісі бар 6 түп өсімдікті тауып, тәркіледі. Полицейлер барлық алынған түптерді сараптамаға жіберді. Қорытындыға сәйкес алынған түптер құрамында есірткісі бар «сора » өсімдігі болып шықты. Есірткі егумен айналысқан тұрғынға қатысты «Ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат» түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.

Полиция бөлімінде ҚР ҚК-нің 300 бабы «Құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жалғасуда.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері заңсыз, құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді еккені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Осы баптың санкциялары екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

«Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Next Post

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі