13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

9 сентября, 2020
in Қоғам
0
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің өкіміне сәйкес қала әкімінің орынбасары болып Айманбетов Маулен Зарлықұлы тағайындалды.
Маулен Зарлықұлы 1966 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Мамандығы бойынша инженер-автомобиль жолдарының құрылысшысы, агроном, экономист және іскерлік әкімшілендіру магистрі.

Қызметтік жолын 1990 жылы «Алматы қала құрылысы» тресінің 2-ші құрылыс-монтаждау басқармасының шебері болудан бастаған. Кейіннен аталған басқарманың прорабы, басқарма бастығының орынбасары болған.

2000-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Фитосанитария» РМК бас директоры болып қызмет атқарған.
2006-2008 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасына ведомстволық қарасты ұйымдарда түрлі лауазымда жұмыс істеген.

2008-2013 жылдары Астана қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасары болған.
Сондай-ақ, Көкшетау қаласында автомобиль жолдары комитетінің Ақмола облысы бойынша Автомобиль жолдары департаменті директорының орынбасары қызметін атқарған.

2014 жылдан бүгінгі күнге дейін «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы» ММ күрделі құрылыс бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып келген.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Түркістан облысы полицейлері құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсірген ауыл тұрғынын ұстады

Next Post

Түркістан облысында егін-терім науқаны сәтті аяқталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі