13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

«Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

8 сентября, 2020
in Қоғам
0
«Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР ІІМ-нің арнайы нұсқауына сәйкес республика көлемінде «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінен басталып, 1-желтоқсанға дейін өткізілмек. Осы бағытта Түркістан облысы Полиция департаменті қызметкерлері де қарқынды жұмысқа кірісті.

Іс-шараның негізгі мақсаты-халық арасында ішкі істер органдарының имиджі мен беделін арттыру, азаматтармен сенімді тығыз қарым-қатынас орнату, сондай-ақ қызмет көрсететін әкімшілік учаскелерде экстремизм және терроризм деректерінің алдын алу, анықтау және жолын кесу, көші-қон қызметіне бақылау жасау мақсатында әрбір пәтер мен жеке үйлерді аралап, тұрғындар жайлы ақпарат жинақтау болып табылады.

Оған қоса бостандығынан айыру органдарынан шыққаннан кейін ішкі істер органдарында есепке тұрмаған адамдарды анықтау. Іс-шара барысында азаматтардың қару сақтауы бойынша заңдылықтардың орындалуы, уақытылы тіркелуі де назардан тыс қалмайды. Базарлар мен өзге де сауда орындарын тексеру жұмыстары жүргізіледі. Қараусыз қалған ғимараттарды, саяжай алқаптарын, құрылыс обьектілерін, жертөлелер мен кәріз құдықтары және басқа да орындар толық тексеріледі. Сонымен бірге елімізде болу қағидаларын бұзған, елден шығару туралы соттың шешімін орындамаған шетелдіктерді, заңсыз көші-қонды ұйымдастырушыларды, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тарту қағидаларын бұзған жұмыс берушілерді анықтау шаралары қарастырылады.

Айта кететін жайт, аталмыш профилактикалық іс-шара 1-желтоқсанға дейін жалғасады. Учаскелік полиция инспекторлары, көші-қон, криминалдық және патрульдік полиция және басқа да қызметтердің қатысуымен әрбір учаскелік аумақтардағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар өз нәтижесін береді деген сенімдеміз.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Түркістан қаласында жақында департаменттер ғимараты пайдалануға беріледі

Next Post

Түркістан облысы полицейлері құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсірген ауыл тұрғынын ұстады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі