13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан қаласында жақында департаменттер ғимараты пайдалануға беріледі

7 сентября, 2020
in Жаңалықтар
0
Түркістан қаласында жақында департаменттер ғимараты пайдалануға беріледі
Share on FacebookShare on Twitter

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы құрылысы аяқталуға жақын нысандарды аралап көріп, мердігер компаниялардың  жауапты өкілдеріне бірқатар тапсырмаларды жүктеді. Аймақ басшысы оларға бекітілген кестеден ауытқымауды ескертті.

Ең алдымен өңір басшысы әкімшілік-іскерлік орталығындағы  департаменттер ғимаратында болды. Бүгінде жихаздарды орналастыру жұмыстары толығымен аяқталды. Нысанның құрылыс жұмыстарына 150 адам жұмылдырылып, екі ауысымды жұмыс ұйымдастырылған. Ғимаратты жақында пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр.

Өмірзақ Естайұлы бұдан соң «Керуен сарайдың» құрылыс аумағында болды. Керуен сарайдың  сыртқы қасбеті және ішкі әрлеу, бөлмеаралық қыш қалау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда, нысан құрылысында 920 жұмысшы еңбектенуде.

Облыс әкімі заманауи үлгіде салынып жатқан Хэмптон қонақ үй кешенінің жұмыс барысын да бақылады. Қазіргі таңда қонақ үйдің конструкциясын тұрғызу, шатыр жұмыстары, қасбет, ішкі әрлеу, бөлмеаралық қабырға жұмыстары жүргізілуде.

Өмірзақ Шөкеев сонымен қатар Конгресс хол, «Ұлы дала елі», драма театр мен «Rixos Turkestan» қонақ үйі және  Қ.А. Ясауи кесенесінің айналасында жүріп жатқан ауқымды жұмыс барысын тексерді.

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Түркістан облысы полицейлері жол-апатын жасап, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні ұстады

Next Post

«Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі