13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістан облысы полицейлері жол-апатын жасап, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні ұстады

7 сентября, 2020
in Қоғам
0
Түркістан облысы полицейлері жол-апатын жасап, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні ұстады
Share on FacebookShare on Twitter

Сарыағаш АПБ-нің кезекші бөліміне тұрғындардың бірі хабарласып, жол бойында көлік қаққан адамның жатқанын жеткізген. Ақпарат алған бетте тәжірибелі полицейлерден құралған жедел-тергеу тобы оқиға орнына жетті. Жарақат алған тұрғын жедел жәрдем көлігімен орталық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.

Оқиға орнына келген полицейлер, Құркелес ауылының Ақниет-Көктерек тас жолы бойында белгіленбеген жолмен өтпекші болған тұрғынды, белгісіз «Хундай Соната» автокөлігі соғып, жол-апатын жасағанын анықтады. Ал, кінәлі жүргізуші жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кеткен.

Апатқа қатысы бар жасырынған жүргізушіні ұстау мақсатында Сарыағаш аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралар кешені жүргізілді. Нәтижесінде 5 тәулік ішінде «Хундай» маркалы көлік анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Жүргізуші болса өз кінәсін толық мойындады. Ол жергілікті тұрғыны болып шықты. Автокөлік айыптұраққа қойылды.

Аталған жайт Сарыағаш аудандық полиция бөлімінде ҚР ҚК-нің 345-1-бабымен «Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» тіркелді. Күдіктінің бас шарасы «қолхатта».

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері, жол қозғалысына қатысушыларға жолда абай болуға, ал жол-көлік оқиғасы болған жағдайда оқиға орнынан кетпеуге кеңес береді.

Егер сіз жол-көлік оқиғасына қатысушы немесе куәгер болсаңыз, шұғыл 102 телефоны бойынша полицияға хабарласыңыз.

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Үздік полиция қызметкерлері марапатталды

Next Post

Түркістан қаласында жақында департаменттер ғимараты пайдалануға беріледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі